Емханаға барсаң, анализ құшақтап, есіктен-есікке, тесіктен-тесікке сабылып жүрген бір адам. Дәрігерге өлетін кезде баратынымыз рас. Әлгі жерде он минут отырсаң, он түрлі тағдырға куә боласың. Әлгінде ғана дәрігердің қабылдауына шашы желбіреп бір келіншек кіріп келді. Айтуынша көтеріп қойыпты. Көтергеніңізге қанша ай болды десе, скапойна 5 ай - деп қояды. Осы уақытқа дейін тіркелмей қайда жүрсіз? — десе,
Көтергенімді енді білдім-деп қояды.
Айдалада отырып еріксіз күліп жібердім. Өзіміз өзімізде болып жатқан өзгерістерді алғашқы айдан -ақ сезіп қоюшы едік, бес айға дейін сезбей қалатын адамды бірінші рет көріп әліге дейін шок болып отырмын.
Негізі аудан, ауылда тұратындарға қиын. Даңғарадай емханасы, даңғарадай ауруханасы бола тұра, қабылдауына келген адамның денсаулығында аз ғана проблемасы болса, сабылтып облысқа жібереді. Туатын болсаң да сол, толғатып суың кетіп жатқанына қарамайды. Туатын айыңа күнің жетпей қалса, қабылдамай жедел жәрдемге салып облысқа қуады, облысың есігінен қаратпай, қайтадан ауданға жібереді. Қысқасы екі ортада доп боласың. Босанатын кезде балаңның кіндігі оралып, көзің бақырайып жатқаның сол. Өткенде ғана кешке қарай қызымның қолы сынып, жедел жәрдеммен аудандық больницаға барғанбыз.
-Неге мұнда алып келдіңдер? Облысқа апармадыңдар ма? Довай қалаға! -деп бір қатын баж ете қалды. Баж еткенге баж етпесең, сонау қалаға тоскать ететін түрі бар. Қыздың қиналғанынан түрімнен нәр емес, зәр шашырап тұрғанынан именді ме әйтеуір қабылдады. Сонда деймін-ау, аудандағы ақ халаттылардың қолынан түк келмейтін сауатсыз болғаны ма? Пәлен-түген санаттағы дәрігеріміз бар, осынша аппаратымыз бар-деп көкірек көтеріп, есеп беріп сайрағанда қандай ә? Бәрін қойшы. Былтыр бүйірден приступ беріп, жедел ауруханаға жеткізілдім. Шешіндіріп, екі аяғымды екі жақа қаратып" Дәрігер келгенше жата тұрыңыз, мен дәрігерді тауып келейін"- деп талтайтып жатқызып кетті. Сіздерге өтірік маған шын, ана жерде бір жарым сағат жатқан шығармын. Күткен дәрігеріміз келді-ау әйтеуір. Келгенін қайтейін? "Бізде узи жоқ, орталыққа барып узиге түсіп келіңіз", деп қайтарып жіберді. Тәлтіректеп сыртқа шықсам, бір такси жоқ, жаяулатып орталыққа жеттім, орталықтан узи таппай, соңына ауырған жерім басылып, үйге қайтып кеттім.
Жалпы ауданда орналасқан аурухана, емхананың жағдайын жақсартпаса болмайды. Қашанғы облысқа телміреміз?
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан