Өмір-юмор!

"КҮЛГЕН СИЯҚТЫ БОЛЫП ЕДІ..."

  • "КҮЛГЕН СИЯҚТЫ БОЛЫП ЕДІ..."

Ертеде ғой. Бір ағамыз түстіктен (обед - Б.Б) өте көңілді шығыпты. Әлгінде ғана сұлулар туралы айтылған әңгімелер есінен шығар емес. Оның үстіне басып-басып жіберген коньягі құрғыр да бойды алып барады. Кенет... есіне жұмыстағы бір келіншек түсті. Хаса сұлудың өзі. Екі көзі боталай қарағанда, жүрегің аузыңнан шығып кете жаздайды. Амандасқан сәттегі жымиысы қандай әдемі. Дәл сол кезде оң жақ бетінде ойыла қалатын шұңқыры ше. Жүрегі қатты-қатты соғып кетті.
...Ойпырмай, жұмысқа жеткенде әлгі келіншектің алдынан шыға келмесі бар ма? Әдеттегідей жымия амандасты. Сөйтті де, кабинетіне кіріп кетті. Жан-жағына қарап еді, ешкім жоқ. "Қой, болмас. Тәуекел!". Кіріп барды. Әнтек шошына қараған сұлудың қарсылығына қарамай құшақтай алды. Ерні де ақ тамаққа қадала берген. "Вы что". Қатты бұлқынған келіншек бұны көкірегінен итеріп жіберіп, сыртқа ұмтылды...
...Ар жағы көрген түстей. Бұндай тағылықты көрмеген орыс тілді келіншек бірден бастыққа барыпты. Ол "жұмысқа ішіп келгенімен қоймай, сұлу әйелді "изнасиловать" етіп жібере жаздаған" бұны жұмыстан шығару туралы бұйрыққа қол қояды. Әйтеуір, дер кезінде бір кісілер араласып, бұйрықты бұзғызып, әупірімдеп, аман қалады...
Кейін құрдастары ортаға алып: "Жазған-ау, жасың алпысқа келгенде, бұның не? Оның үстіне дәл пәленшеге ұмтылғаның қалай? Мынауың аспандағы айға қол созғандай әрекет қой..." демей ме? Сонда әлгі ағамыз бір күрсініп алып:
- Қайдан білейін, күлген сияқты болып еді, - дейтін көрінеді.
...Кеше демалыста бір ағамызбен кездестім. Әдеттегідей жоспары көп екен. "Өйтемін...", "Бүйтемін...". Көбі бос сөз екені, жүзеге аспайтыны әлден-ақ көрініп тұр. Айтып көріп ем, ағамыз қайтатын емес. Не деген энергия?! Тек босқа жұмсалатыны өкінішті.
...Әй, өмір-ай, күлген сияқты боп тұрасың-ау.
#қазақыәңгімелер

facebook.com 




Көрілген: 2592    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.12.2021, 14:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан 2021
    Бәукеш алған бас бәйге
    8 Желтоқсан 2021
    Ал өлмей қалсаң ше?
    27 Қараша 2021
    Оқтау тақтай
    27 Қазан 2021
    ТОҚАЛ
    22 Қыркүйек 2021
    Қорқамын әйелдерден
    14 Қыркүйек 2021
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек 2021
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз 2021
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір 2021
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз 2021
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз 2021
    ТАСБАҚА ҰША МА?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31