Бүгін түйенің жарты етіндей бір қатын мінген. Өзі қызу. Ақшасын каспимен жібермек болып, "Сенің атың Айман ба?" - деп сұрады.
- Жоқ, әйелім ғой Айман - дедім күліп.
- Қап, сенің де әйелің бар ма? Құдай мына красавчикті Яндекстен бере салды ғой деп қуанып қалсам - дейді мұңайып.
Найман да болса Айманды алып алғаныма өмірімде бірінші рет қуанған шығармын бүгін...
facebook.com парақшасынан