Қазақ солдаты

Байланысшылар «Сенімді қабылдауды» қамтамасыз етуге дайын

  • Байланысшылар «Сенімді қабылдауды» қамтамасыз етуге дайын

    Байланысшылар «Сенімді қабылдауды» қамтамасыз етуге дайын

Атырауда Халықаралық Армия ойындарына дайындық аясында «Сенімді қабылдау» байқауына қатысу үшін әскери қызметкерлерді іріктеу басталды.

Іріктеу кезеңінде әскери байланысшылар өздерінің далалық дайындықтарын, қазіргі заманғы радиостанциялар мен аппараттық кешендерде жұмыс істеу қабілеттерін көрсетулері керек.
Қатысушы команда сегіз адамнан тұрады. «Сенімді қабылдау» және «Сенімді тарату» кезеңдерінде әскери байланысшылар арнайы жабдықталған сыныпта телеграф кілтін қолдана отырып радиограммаларды қабылдайды және таратады. Қараңғы уақытта «Радио бағдарлау» кезеңі өтеді, әскери қызметшілер портативті радио бағыттағыш көмегімен тексеру нүктелерін іздейді.
Іріктеудің маңызды кезеңі «Әскерилендірілген эстафета» деп аталады, мұнда командалық штабтык байланыс көлігін құру және арнайы нормативтерді орындау қажет.
Байқаудың соңғы кезеңінде - «IT-құрылымның жабдықтарында жұмыс жасау» барысында әскери байланысшылар жартылай муфталарды оптикалық кабельге қосып, дәнекерлеп, оптикалық талшықтардың сөнуін өлшейді.
«Бұл байқауға мен екінші рет қатысып отырмын. Бір жыл бойы теориялық білімімді шыңдап, кәсіби шеберлігімді арттырдым. Өз алдыма Қарулы Күштердің құрама командасына кіру мақсатын қойып отырмын», - дейді бөлімші командирі сержант Ринат Жупканаев.
Іріктеу нәтижелері бойынша Қарулы Күштердің чемпионатына қатысу үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы құрылатын болады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі




Көрілген: 759    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 11:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз 2017
    Ерекше мереке

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28