Қазақ солдаты

Ұлы Отан соғысы туралы жаға ұстатарлық мәліметтер

  • Ұлы Отан соғысы туралы жаға ұстатарлық мәліметтер

    Ұлы Отан соғысы туралы жаға ұстатарлық мәліметтер

Шабуыл жасаспау туралы 1939 жылдың 23 тамызындағы Кеңес Одағымен жасалған келісіміне қарамастан, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ асты басып кірді. 22 маусымда таңғы сағат 4-те бейбіт заманда өмір сүріп жатқан ұйқыдағы елді Юрий Левитанның соғыс басталғаны жайлы дабылды радиохабарламасы оятты, деп жазады Stan.kz Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтер ұсына отырып.


Ұлы Отан соғысы туралы жаға ұстатарлық мәліметтер


Кенет құлақ тұндырған жарылыс пен қып-қылыл от аспанды қақ айырғандай болды. Жер дірілдеп, әуе жаңғырып, қала отқа орана бастады. Ал тұрғындардың көпшілігі киініп те, қаруын алып та үлгермеген еді. Міне, Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Дәл осы күні фашистік Германия сақадай сай тұрған әскерімен Кеңес үкіметінің жеріне басып кірді. Аса дайындықпен баса-көктеп енген неміс әскерінің қаһарына бірінші болып Брест қаласы ілікті. Қаладағы жауынгерлердің жанкешті қарсылығы Белоруссияның бір шетіндегі елеусіз қаланы тарихи қалаға айналдырды. 


Сонымен, Ұлы Отан Соғысы туралы таңғаларлық мәліметтерге тоқталсақ:



  1. Жалпы екінші дүниежүзілік соғысқа 34 млн 476 мың адам қатысты. Ресми мәліметтер бойынша, Орта Азия елдерінен соғысқа 3 миллион жауынгер қатысса, оның 1 млн 366 мыңы қазақстандық. Қан майданға Қазақстанның әрбір 5-ші азаматы аттанды. Ал соғысқа аттанған қазақстандық жауынгердің әрбір екіншісі майдан даласында қаза болған. Сондай-ақ, 601 815 жауынгер елге оралған жоқ. 

  2. Екінші дүниежүзілік соғыс барлық жанжалдар тарихында ең жойқыны болды. Оған ең көп қаржы жұмсалды, көп мүлік қирады, өте көп адам қаза тапты және тарихтағы кез-келген соғысқа қарағанда ең терең өзгерістер әкелді. 

  3. Сталин Германияның 22 маусымда шынымен де КСРО-ға шабуыл жасайтынына сенгісі келмеді. Осыған қатысты көптеген хабарламалар келгенімен, бірақ Сталин оларды елемеді. Мемлекеттік қауіпсіздік комиссары Всеволод Меркуловтың Сталинге жіберген құжаты құпия болып шықты. Комиссар люфтваффенің штаб-пәтеріндегі кеңестік агенттің хабарламасына сүйене отырып, шабуыл жасалатын күнді атаған. Ал Сталин «бұл дереккөз емес, жалған мәлімет» деп ол хабарламаға сенгісі келмеді.

  4. Сталин үшін соғыстың басталуы қасірет болды. Ал 28 маусымда Минск құлағанда, ол толығымен есеңгіреп қалды. Бұл құжатты түрде расталған. Сталин тіпті, соғыстың алғашқы күндерінде өзін тұтқындайды деп ойлаған. Ол Кремльде болмаған соң, жақын серіктестері Клим Ворошилов, Маленков, Булганинді жақын маңдағы саяжайына іздеп баруға мәжбүр болады. Саяжайға келгенде олар бозарып, солғындап қалған Сталинді көреді. Сонда Сталин өзін тұтқындауға келді деп ойлаған. 

  5. КСРО үшін соғыс 1939 жылы Молотов-Риббентроп пактына қол қойғанда басталды. Кеңес Одағы Екінші дүниежүзілік соғысқа іс жүзінде 1941 жылғы 22 маусымда емес, 1939 жылдың 17 қыркүйегінен бастап қатысқан. Яғни, үшінші рейхпен одақтас болғанда. Бұл пакт - стратегиялық қателік, кеңес билігінің және Сталиннің қателігі болды. КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады. 1939 жылғы 22 қыркүйекте Брестте демаркациялық шекара туралы шартқа қол қою құрметіне арналған Вермахт пен Қызыл Армияның бірлескен шеруі өтті. Сонымен бірге 1939-1940 жылдары сол пакт бойынша Балтық жағалауы елдері және қазіргі Молдова, Украина және Белоруссиядағы басқа аумақтар жаулап алынды. Бұдан бөлек, бұл КСРО мен Германияның ортақ шекарасына алып келіп, немістерге «тұтқиылдан шабуыл жасауға» мүмкіндік берді.

  6. 28 панфиловшылардың ерлігі және «Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда – Мәскеу» деген сөздерді 1942 жылдың 22 қаңтарында «ерлікпен көз жұмған 28 қаһарман» туралы эссені жариялаған «Красная Звезда» газетінің қызметкерлері ойлап тапқан. Басылым беттерінде жарық көрген 28 панфиловшылардың ерлігі – «Красная Звезда» Ортенберг газетінің тілшісі Коротеевтің және әсіресе, әдеби хатшы Кривицкийдің ойдан шығарған әңгімесі. Бұл қиял Тихонов, Ставский, Бек, Кузнецов, Липко, Светлов және т.б. әдебиет жазушылардың шығармаларында қайталанды және Кеңес Одағының тұрғындары арасында кеңінен танымал болды». Бұл 1948 жылдың 10 мамырында КСРО Қарулы Күштерінің Бас әскери прокуроры Николай Афанасьев қол қойған тергеу материалдары негізінде дайындалған анықтамалық-баяндамадағы ақпарат. Кейін биліктегілер «Панфиловшылардың ерлігі» туралы толығымен тергеу жүргізді. Өйткені 1942 жыл қаза болғандардың тізімінде болған 28 панфиловшының бірі аман-есен ел алдына шықты.

  7. Вермахта соғысынан кейінгі адам шығыны шамамен алты миллионды құрады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, КСРО мен Германия арасындағы қайтыс болғандар саны 7.3 : 1. Осыдан КСРО-да 43 миллионнан астам адам қаза тапты деген қорытынды жасалады. Бұл сандар КСРО-да 16,9 миллион азаматтың, Германияда - 2 миллион адамның қайтыс болғанын көрсетеді. 

  8. Кеңес Одағында соғыстан кейін «Жеңіс күні» мерекесі 17 жыл бойы мерекеленбегінін бәрі біле бермейді. 1947 жылы Сталин 9 мамырда Жеңіс күнін мерекелеуді тоқтатты. Және 1965 жылға дейін КСРО-да бұл күн әдеттегі жұмыс күні болды. Иосиф Сталин мен оның серіктестері осы соғыста кімдердің жеңіске жеткенін жақсы білетін. Яғни, халықтың жеңгенін білді. Халықтың кең таралған әрекеті оларды қорқытты. Көптеген адамдар, әсіресе төрт жыл бойы өлімге жақын жерде өмір сүрген майдангерлер қорқудан шаршады. Сонымен қатар, соғыс сталиндік биліктің оқшаулығын бұзды. Жүздеген мың кеңес халқы КСРО мен Еуропадағы өмірді салыстыруға және қорытынды жасауға мүмкіндік алып, шетелге шықты. Сарбаз ұжымшарларға болгар немесе румын шаруалардың қалай өмір сүріп жатқанын көру үлкен шок болды. Бұған қоса, әскери көшбасшылар соғыстан кейін қоғамның алдында мүлдем басқа мәртебеге ие болды. Сталин олардан да қорықты. Содан 1946 жылы Сталин Жуковты Одессаға жіберіп, 1947 жылы Жеңіс күнін мерекелеуді тоқтатты. Ал 1948 жылы ол марапаттар мен жарақаттар үшін ақы төлеуді тоқтатты. Ресми мәліметтерге сәйкес, Ұлы Отан соғысы туралы ұмытып, қираған ғимараттарды адам еңбегімен қалпына келтіруге барлық күш-жігер жұмсау бұйырылды.

  9. Соғыстан кейін КСРО-да 127 миллион адам ғана қалды. Бүгінде Ресей Ұлы Отан соғысы кезінде үш миллион кеңестік азамат өлтірілді деген мәлімет ұсынды.

  10. Жеңістен кейінгі он жыл бойы да КСРО ресми түрде Германиямен соғыс жағдайында болды. Немістер жеңілгендерін мойындап, тізе бүккеннен кейін, КСРО жауымен бейбітшілікке келу туралы келісімге қол қоюдан бас тарты. Сөйтіп, Германиямен соғыс жағдайында қалды. Тек 1955 жылдың 25 қаңтарында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы «Кеңес Одағы мен Германия арасындағы соғыс жағдайының тоқтатылуы туралы» жарлық шығарады. Бұл жарлықпен Германиямен соғыс ресми түрде аяқталды.

  11.  Бірінші жеңіс шеруі 1945 жылы 24 маусымда Мәскеуде өтті. Бұған сену қиын, бірақ КСРО билігі соғыс кезінде қаза тапқандарды санағы келмейді. Соғыс аяқталғаннан кейін Сталин шамамен жеті миллион адам мерт болды деген есепті қабылдады. Бірақ, Батыс халқы жеті миллион адамның өлгеніне сенбеді және бұл фактіні жоққа шығара бастады. Ал Сталин қайтыс болғаннан кейін қаза болғандардың саны сол күйі қайта қаралмады.

  12. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерлер ғана емес, әйелдер де майданда шайқасты. Ұлы Отан соғысы статистикасы көрсеткендей, кеңес офицерлерінің ішінде 80 мыңы әйелдер болған. 

  13. Хрущев айтқандай, Сталиннің «жеке басына табынушылық» тоқтағаннан кейін, қаза тапқандар саны жиырма миллионнан асады деп есептелді. Қаза болған халықтың нақты санын бағалау сексенінші жылдың аяғында ғана басталды. Қайтыс болғандардың ресми мәліметтері бойынша 1939-1945 жылдары 43 миллион 448 адам қайтыс болды. Ал 1941-1945 жылдары қаза болғандардың жалпы саны жиырма алты миллион адам. Ұлы Отан соғысы жылдарында тұтқында қаза болғандар немесе  қоныс аударғандар саны шамамен 1,8 миллионға жетті. Жалпы осы уақытқа дейін қайтыс болғандардың нақты саны туралы мәселе ашық қалуда.

  14. Тұтастай алғанда, майданда әртүрлі уақытта 600 мыңнан 1 миллион әйелге дейін күресті. Және соғыс кезінде әйелдер құралымы құрылды. Сондай-ақ, майдандағы әйелдер арасында үш полк құрылды, олар «түнгі перілер» деп аталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында еріктілер бригадасы, тіпті әйелдерден тұратын қосымша атқыштар полкі құрылды. Ал снайпер әйелдерді снайперлердің арнайы орталық мектебі дайындады. Сондай-ақ, теңізшілердің жеке ротасы да құрылды. Бұған сену өте қиын, бірақ әйелдер кейде ер адамдарға қарағанда жақсы шайқасты. Және оларға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

  15. Украинадағы 334 елді мекенді немістер халықымен бірге өртеп жіберген. Ал жау қолы басып алған ең ірі қала Чернигов облысындағы Корюковка қаласы болды. Екі күннің ішінде тұтқынға алынған ең ірі қалада 1290 үй өртеніп, 7 мың азамат өлтірілді. Фашистер онда тек 10 үйге ғана тиіспеді.

  16.  Көптеген тарихшылар 1942-1943 жылдарғағы Сталинград шайқасы тарихтағы ең қанды шайқас (800,000-1,6 мың адам қайтыс болған) қана емес, сонымен қатар Еуропадағы екінші дүниежүзілік соғыстың өзгерісті кезеңі деп санайды. Соғыс кезінде кеңестік билік медальдар мен ордендерді шығарып үлгермей жатты, сондықтан да оны жауынгерлердің бәрі бірдей ала алмады.

  17. Ұңғыға бірінші болып барған жауынгер Александр Панкратов болды. Ол 28-ші танк дивизиясының 125-ші танк ротасының кіші саяси нұсқаушысы. 1941 жылы 24 тамызда Панкратов жаудың пулеметін өз денесімен жауып қалып, үлкен ерлік жасады. Бұл Қызыл Армия әскеріне ешқандай адам шығынысыз плацдармға шығуына мүмкіндік берді. Панкратовтың ерлігінен кейін, бұл ерлікті 58 адам қайталады.

  18. Соғыста 60 мыңнан астам ит қызмет етті. Байланыс иттер шамамен екі жүз мың жауынгерлік хабарламалар жеткізді. Жалпы соғыс уақытында ұрыс алаңында қатты жаралаған 700 мыңға жуық командирлер мен Қызыл Армия әскерін санитар иттер шығарды. Соғыс алаңынан 100-ден астам жарақаттанған сарбазды алып шыққан санитар мен көтерушіге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сапер иттер 300-ден аса ірі қалаларды минадан тазартты. Соғыс алаңында санитар иттер жараланған жауынгерге жер бауырлап барып, медициналық қапшықтарды апарып тұрды. Олар сарбаз жарасын таңып болғанша шыдамдылықпен күтіп, келесі жаралы солдатқа жер бауырлап барды. Иттер сондай-ақ тірі жауынгерді өлі адамнан ажыратуды жақсы білді. Өйткені, жараланғандардың көпшілігі есінен танып жатты. Ал иттер осылай ессіз жатқан әскерлердің бетін оянғанша жалаған. Иттер 4 миллионнан астам қопарғыш зат пен жау минасын бейтараптандырды.

  19. Гитлер өзінің жауы деп Сталинді емес, диктор Юрий Левитанды қарады. Сондықтан, Кеңес билігі Левитанды белсенді түрде қорғады. Гитлер тіпті, диктор Левитанның басын алған адамға 250 мың неміс маркасын беруге уәде берді.

  20. Екінші дүниежүзілік соғыс АҚШ пен Ресейге ұлы держава болуға мүмкіндік беріп, әлемдік биліктің орталығы болған Еуропаның құлдырауына әкелді.  




Көрілген: 3665    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.04.2019, 19:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз 2017
    Ерекше мереке
    25 Шілде 2017
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31