Отбасы - ошақ қасы

75 немере мен 26 шөбере: Жетісайда ең үлкен отбасы тұрады

  • 75 немере мен 26 шөбере: Жетісайда ең үлкен отбасы тұрады

    75 немере мен 26 шөбере: Жетісайда ең үлкен отбасы тұрады

Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны Зәуре Сүттібаеваның 75 немересі мен 26 шөбересі бар. Ол өзінің туған ауылында ғана емес, бүкіл облыстағы ең үлкен отбасының ақжаулықты анасы болып отыр. Шаңырағы шаттыққа толған отбасы жайлы  "Хабар 24" арнасы хабарлайды.

Көпбалалы ана Зәурен Сүттібаева мен оның жолдасының алғашқы балалары 60 жыл бұрын дүниеге келген. Содан бері отбасының қатары жыл сайын толығып келеді. Зейнеткердің жастық шағы қиын кезеңге тұспа-тұс келген. Өткен күндерді көпбалалы ана былай еске алады.

 
"Бұрын көпбалалы отбасыларға қазіргі уақыттағыдай артықшылықтар берілмеді. Мен өзім босануым үшін, аудандық ауруханаға жаяу баратынмын. Бірнеше баламды үйде босандым. Балалар деген – үлкен байлық. Бұл орайда мен ең бақытты адаммын", – дейді Жетісай ауданының тұрғыны Зухра Сүттібаева.

Зәуре Сүттібаеваның өзі ата-анасыз өскендіктен, ол отбасылық құндылықтарды бәрінен жоғары қояды. Күйеуімен бірге олар 5 қыз, 6 ұл тәрбиелеп өсірген. Олардың отбасылары да көп балалы болып шықты. Қазір отбасының ұйытқысы болып отырған әженің 75 немересі және 6 шөбересі бар.

"Енем мені көп нәрсеге үйретті. Ол маған үнемі ақылын айтып отырады және дұрыс шешім қабылдауға баулыды. Енемнің бала тәрбиесінде үлкен тәжірибесі бар. Менің өзімнің 7 балам бар. Балаларымның әр эқайсысымен кішкентайынан әжелері қарады десем артық айтқандығым емес", – дейді Зухра Сүттібаеваның келіні Сапаркүл Шорабекова.

Жетісай ауданы – Түркістан облысындағы халқы тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Мұнда 16 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады.




Көрілген: 1772    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 13:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қараша, 15:28
    Енем жігіт тауып алды
    16 Қараша, 09:31
    Әйелімді қимаймын...
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31