Отбасы - ошақ қасы

9 ай болды маған жақындамайды...

  • http://lider-ponevole.ru

    http://lider-ponevole.ru

Тығырыққа тірелдім. Өз өмірім жайлы барынша қысқаша баяндайын. Мен тұрмысқа кеш шықтым. Себебі анам 8 жылдан бері қатты науқастанып, соған қараймын деп тұрмысқа шығуды ойламадым. Бірақ анам жазылмай, ақыры Тәңірім өзіне қайтарып алды. Жаны жәннатта болсын!


Анамның қырқы өтер-өтпестен маған құда түсушілер көбейді. Әкем рұқсатын беріп, бір жігіттің етегінен ұстап кете бардым. Мен барған жер өте жақсы. Күйеуімнің де анасы бала кезінде қайтыс болған. Әкесі өзге әйелге үйленген, ол кісі де өте жақсы. Тез тіл табысып кеттік.


Енемнің де өз қызы бар, ол да жақсы қыз. Тек күйеуім менің басты проблемама айналды. Ол екеуміз бір-бірімізді жақсы танымай үйленгенімізді түсіндік. Себебі, мен аздап естімейтіндігім оған үлкен кедергі болды. Мен үшін намыстанатын болды.


Алғашқы 2 айда қарым-қатынасымыз жақсы еді. Қазір 9 айдан бері бірге жатпақ түгілі сөйлеспейміз да. Бұл жағдайды төркіндерім білмейді. Жасым 30-ға келгенде үйге қайтып баруға менің арым жібермейді. Ата-енем менің кеткенімді қаламайды. Ол кісілерге де бауыр басып қалдым. Арада бала да жоқ дәнекер болатын. Отырыстарға, басқосуларға апармайтын болды намыстанып.


Осы некеге кейде енемді кінәлайды күйеуім. Себебі мен енемнің жерлесімін. Енемнің жеңгесі арқылы танысқанбыз күйеуім екеуміз. Енем де қазір ажырассам ол да бұл үйде қала алмайтынын айтуда. Себебі, балаға өгейлік жасадың деп бауырлары, туыстары маған күн көрсетпейді деп отыр. Мына сөзді естіп мен шынымды айтсам не істерімді білмей қалдым.


Негізі күйеуім енемді қатты сыйлайды, 15 жылдан бері бірге тұрып келеді. Мен пайда болып ем, екеуінің сыйластығына сызат түсіргендей болдым. Не істеймін, қандай амалы бар, шақшадай басым шарадай болды. Осында қалайын десем күйеуім менсінбейді, қалмайын десем енем де кетем дейді қызын жетектеп, ойымды толық жеткізе алар емеспін.


Түңіліп кеттім, күйеуіме достары онсызда мазақ етеді кәрі қызға үйленіп, қарық болдың ба деп. Ол үйленердің алдында ұзақ таңдаған екен қызды. Мендей тазға қалай жолыққанын да білмей қалып, қазір арақпен дос болып алды. Не істеймін а?


Кейде жақсы боп жүреді, кейде жақтырмай жүреді күйеуім мені. Әйтеуір күнделікті тірлігіммен алданып уақытымды өткіземін. Кетіп қалайын десем, бір отбасының түбіне жетем ба деп қорқамын. Енемнің басы қатып отыр, онсызда күйеуімнің туған 2 әпкесі енемді кінәлап отыр.


Күйеуім қазір Украинада, біліктілігін жоғарлатуға кеткен, кетердің алдында бізге сөйлемеді да, қоштаспастан кетіп қалды. Мен түгіл қайынсіңліме де, әкесіне де, енеме де жақсы деп те айтпады. Олардың жазығы не? Достары шығарып салды оны. Енем мен қайынсіңлімнің көңілі қатты қалды. Аман-есен келген соң біз де кетеміз, бұл үйде қала алмаймыз деп отыр олар.


Мен шынымен қорқайын дедім. Сөз жәрдемін күтемін.


alashainasy.kz/


 




Көрілген: 12876    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 10:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31