Отбасы - ошақ қасы

Ажырассаң, сені өзім аламын!

  • Ажырассаң, сені өзім аламын!

    Ажырассаң, сені өзім аламын!

 Алматының көктемі керемет. Қар еріп, айнала құрғаған кез. Туысқан қарындасым Айым ауруханаға түстім деп хабарласты. Қай бөлімшеде жатқанын біліп алып, оның құрбысы Мадинамен хабарласып, кіріп-шығайық, дедім. Мадинаны өмірде көрмегенмін, тек мэйл.ру агент арқылы әңгімелесетінбіз. Қараторы, томпақша келген сымбатты қыз.
Ауруханаға кірсем, Мадина отыр екен. Көтеріліп келе жатып, оған алған сыйлығымды ұсындым.
&ndash Рахмет, &ndash деп риза болғандай сыңай танытты.
Айым да шықты, екеуі құшақтасып тұрғанда:
 
&ndash Жаным-ау, сауығып кетуіңді тілеймін. Аллам шипасын берсін, &ndash деп Мадинаның ботадай көздерінен жас мөлдіреп шықты.
Айым да көз жасын ұстай алмай:
&ndash Рахмет! Рахмет сендерге! &ndash деп жай ғана тіл қатты.
Мадинамен бетпе-бет кездесіп, сөйлесуіміз сол жерде бұйырылып тұр екен.Ол ұялып, телефонына қарай берді.
&ndash Мәке, телефоныңды қоя тұрсайшы, &ndash дедім тиісе әзілдеп.
&ndash Мен ұялғанда, не істерімді білмей, телефонымды ұстай беремін, &ndash деп беті қызарып, ақтала жауап берді. 

Күндер өте берді, Мадинаға сөз салдым. Ол қабыл алды. Өзімді бақытты сезініп, осы күндер бітпесе екен деп тілеп жүрген кезім.
&ndash Жаным менің, әрқашан бірге болайықшы, мен өзіңді ғана сүйемін, &ndash деген сөздерімді жиі қайталайтынмын.
&ndash Әрине, бірге боламыз, әлі талай асулардан өтеміз, екеуіміз, Ахмет! &ndash деген жауабынан кейін, төбем көкке жетіп, түні бойы көз ілмей шығатынмын. Президент саябағында жиі кездесіп, әңгімемізді айтып, болашаққа жоспар құрып отырғанымызда уақыттың өтіп кеткенін байқамай қалатынбыз.

Күндер өте келе, арасында реніштеріміз пайда болатын болған. Ол ара қатынастың дәрежесінің көтерілгені емес пе? Бірақ, сол болмайтын нәрсеге ренжісіп қалғанымыз әлі есімде. Содан ба екен білмеймін Мадина маған суып, одан кейін менен мүлдем бас тартты. Құса болғаным соншалықты, көшеден көріп қалсам екен деп армандайтынмын. Адам өмірінде бір рет ғашық болып, кейін сол адамына ұқсайтын жанды іздейді деген рас екен-ау. Өз өзімді жазғырып, кінәлап жүрген кезімде Мадина Орталық Қазақстанға келін болып түсіпті. "Қолда бар алтынның қадірі жоқ" дегеннің нағыз өзі болдым. Мадинаны кінәлай алмадым. Өзім ғой бәріне кінәлі. Болды, енді біржолата ұмыту керек оны, &ndash деп шешім қабылдадым.

Жыл өтпей, құлағымды жағымсыз хабар шалды. Мадина ажырасып, үйіне қайтып келіпті. Өткен кездер есіме түсіп, тұла бойым суып кетіп, жүрегім жібіп қоя берді ғой. Не болды екен? Неге сыйыспады? Неге ажырасты? &ndash деген сұрақтар жан-дүниемді жеп барады. Телефон номерін тауып, хабарласып көруді жөн көрдім.

&ndash Алло, сәлем Мадина! Бұл...бұл мен ғой Ахмет. Қал-жағдайың жақсы ма?
&ndash Сәлем, иә, Ахмет, таныдым ғой сені. Жақсымын, өзің амансың ба? &ndash даусы сол қалпы, өзгермепті. Үнінде адам жүрегін баурап аларлық, бір әдемі бояу, реңк бар. Өне-бойым шымырлап қоя берді.

&ndash Алла деп, жүріп жатырмыз. Екеуіміз кездессек қалай болады?
&ndash Жарайды. Кешке бұрынғы саябақта кездесейік.
&ndash Жарайды. Келістік. Кездескенше.
&ndash Сау бол!

Кездесіп, жөн сұрасып, үй-үйге тарастық. Үйге келіп ойландым. Осы Мадинаны алсам ба екен, ә? Қалай болады? Әй, ата-анам қарсы болады-ау. Күйеуге тиген бұрын деп. Осындай заңдылықпен өмір сүріп, мен сияқты махаббатынан айырылып жатқан сорлылар қаншама екен? Осы кездесуден кейін хабарсыз кеттік.

Жылдар өте Мадинаның бағы жанып, Диас деген жігітке тұрмысқа шықты. Шекесі торсықтай ұл босаныпты. Есімі Ыбырахым. Мен сырттай ғана ол туралы естіп-біліп жүрмін. Өз отбасым бар, оның отбасы бар. Бірақ жүрек әмірі деген...ол өте қиын нәрсе екен. Кейде қиялыма беріліп, Алматының бір көшелерінде кездестірсем екен деймін...

Күндердің бір күні, досым Темірбек Вконтакте желісінде мынаны қара дейді. Қарасам, Мадинаның парақшасы. Иә, нақ өзі. Суреті де тұр екен. Сүйсініп тұрып қарадым ғой. Бір күні ал тәуекел деп, жаздым Мадинаға. Қалай сүйетінімді айттым. Ұмытпағанымды да айтып бердім. Ол мені сүйме, бәрібір бірге бола алмаймыз деген жазу жіберді.
&ndash Болмасақ, болмайық, бірақ сен біліп жүрші, мен өзіңді ғана сүйемін, &ndash деп жаздым.Осылай кей-кездері жазып жүріп, нөмірін сұрап алдым. Хабарласып көріп едім, даусынан мас болғандай, құлай жаздадым.

Бір күні жылап телефон соғып:
&ndash Ахмет, мен ажырасамын. Күйеуіммен сыйыспаймыз. Ол мені сүймейді, &ndash деді.
&ndash Жылама, жылама. Өзіңді баса ғой, &ndash деп жұбатып отырдым.
&ndash Мадина, ажырассаң мен аламын сені, &ndash деп кесіп айттым. Кесіп айтқан себебім, өзім де ажырасып жүрген кезім еді. Сүйгеніммен бақытты болғым келді... Ол күйеуімен, мен әйеліммен бақытсыз өмір кешіп жүрген кезімізді өзгерткім келді. Бірақ, оған Мадинаның ағалары тосқауыл болды. Екеуін татуластырыпты дейді-мыс. Бірақ мен сенбеймін. Ол:
&ndash Біз бірге бола алмаймыз... осылай бақытсыз боламын, балам үшін шыдаймын, &ndash деп көзіне жас алғаны телефон тұтқасының арғы жағынан белгілі болды...

Осындай бақытсыз жандар қаншама

Майра 




Көрілген: 6551    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.01.2021, 16:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты
    15 Ақпан, 09:12
    Күйеу үшін күрес...
    28 Қаңтар, 23:28
    Құрбыма жаным ашиды
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31