Әкем күйеуімнің түбіне жетті...

Әкем күйеуімнің түбіне жетті...

Құрметті «Алаш айнасы» мен сіздердің «Отбасы – ошақ қасы» атты айдарларыңызды оқып отырып, осы айдар арқылы оқырмандармен ой бөлісуді жөн көрдім. Осылайша жүректегі шерімді тарқатып алсам деймін.

 

Мен бір үйдің жалғыз қызымын. Артымда екі бауырым бар. Әке-шешем оқыған білімді адамдар. Ел қатарлы мені де екі бауырымды да оқытты. Менің жасым қазір 40-та. Үш баланың анасымын. Екі қызым бір ұлым бар. Үлкен қызым он төртте, екінші қызым он бірде, ұлым төртте.

 

Сүттей ұйып отырған отбасы едік. Ал қазір қара жамылып қалдым. Үш баламен «жалғызбасты ана атанамын» деп мүлде ойламаған едім. Өзім Алматыдағы Қарасай ауданында халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет атқарамын. Күйеуім осы ауданға қарасты бір ауылда әкімдіктің ішкі саясат бөлімінде жұмыс істеді. Үш баламызды оқытып-тоқытып адам қатарына қосу арманымыз еді. Бірақ биылғы арқыраған ақпан менің басыма үлкен қайғы артты. 18 жыл отасқан күйеуім биыл қыста асылып қайтыс болды. Міне, содан бері «ішкенім ірің, жегенім желім». Жанымды бір қара мұң торлап, үйімізді тек қара мұң басып тұрғандай. Тіпті мен қазір үш баламның болашағына да бағдар жасай алмайтын күйге жеттім.

 

Осыдан тұп тура он жыл бұрын қолымызда екі қызымыз бар осы Алматы қаласына көшіп келіп едік. Пәтерден-пәтерге көшіп жүріп ақыры жер алып баспана тұрғыздық. Одан кейін өмірге көптен күткен ұлымыз келді. Осылайша жағдайымыз түзеле бастағандай болып еді. Бірақ кенеттен жүрек ауруынан менің анам қайтыс болды. Анамды ақтық сапарға аттандырып, қырқын, жылын бердік.

 

Қазір ойлап отырсам, мәселенің басы осы кезден басталған екен. Тумысынан мазасыз әкем анамның жылына барғанымда маған «қолыңа ал, екі келінге сыймаймын» деп өтініш жасады. Бір жағы әкемді аяп, екінші жағы «расымен де келіндері дұрыс қарамайды-ау» деп күйеуіммен ақылдаса келе әкемді бірден қолымызға алдық. Әкем қолымызға келген бастапқы үш айда барлығы дұрыс болып көрінген. Артынша, әкемнің қазымыр мінезі бой көтере бастады. Кезінде шешем марқұм да әкемнің осы мінезінен әбден ығыр болушы еді. Ендігі кезек маған келген тәрізді. Сөйтіп, әкемнің бабын табу үшін барлық жағдайды жасауға тырыстық. Бірақ әкем келгелі үйде ұрыс-керіс көбейіп кетті.

 

Кей-кездері күйеуім жұмысынан жай қайтса, оны мен емес, әкем тергеп жататын. Күйеуім сәл ішіп келсе әкем «үйге кіргізбе» деп мені айдап салатын. Әйел заты емеспін бе, кей-кездері әкемнің сөзіне де еріп кететін едім.

 

Осылайша біздің үйден береке кете бастады. Ұрыс-жанжал көбейді. Күйеуім сенбі-жексенбі күндері бос уақытында сырттың шаруасын істейтін еді.

 

Бір күні сыртта сондай шаруаларды бітіріп жүрген күйеуім түтігіп келді. Келді де бірден маған «атамның аузын тыйшы, елдің бетіне қараудан қалдым» дегені. Сөйтсе, менің әкем көрші-қолаңға «күйеу балам қызымның теңі емес, қызым мына есуасқа қор болып отыр» деген әңгіме таратыпты. Осындай ұсақ-түйек сөздерді естіп келіп күйеуім әбден жүйкесін тоздыратын. Тіпті ішімдікті де бұрынғыдай емес шамасына қарамай ішіп алатын болды. Ал ол ішімдік ішкен күні әкем «кет осы үйден, мына үйді балаларыңа қалдыр да өзің кет» деп жиі айтушы еді. Ертесіне күйеуім айыққан күні оны жекелеп алып «мораль» оқитында әкем еді. Әкемнің сөзіне шыдамаған күйеуім кейде ішіп алып көлікке де отырып кететін. Ондай күндері әкем «мынауың есуас, таста мынаны» деп шығатын. Ал мен болсам осы уақытқа дейін оның мұндай қылықтарын көрмегенімді, бар мәселе әкемнің өзінде екенін ұғындыра алмадым.

 

Әкем күйеу баласымен бір дастархан басында отырып ас ішпейтін. Ол дастарханға келсе тұрып кететін, не болмаса күйеу баласы ішіп болғаннан кейін барып үстел басына отыратын. Оңаша қалғанда әкем екі қызымның да санасын бұзып, оларды да әкелеріне қарсы қойып қойды. Тіпті менің өзіме «сенің күйеуің менің келгенімді жақтырмай жүр» деп айта беретін еді. Мұндайда оның сөзіне мен де сеніп қалатынмын да кейде әкемнің сөзін сөйлеп күйеуіме қарсы шығатынмын.

 

Осылайша ырду-дырдумен үш-төрт жыл өте шығыпты. Ал биыл ақпан айында осындай бір ұрыс-керістен кейін күйеуімнен айрылып қалдым. Әкем кезекті ұрыс-керісті ашып, күйеуім тағы да ішіп келген болатын. Мен екі естияр еркектің осы әрекеттерінен шаршағынымды айтып, балаларымды алып құрбымның үйіне кетіп қалғанмын. Ертесіне үйге келдім. Балаларды сабаққа жіберіп, ұлды балабақшасына апарып өзім жұмысқа кеттім. Түсте күйеуім хабарласты. «Жұмысқа бармадым, үйдемін» дегенінен-ақ тағы да «ұрттап» алғанын білдім. Кешкісін үйге келсем, балаларым үйде ойнап отыр, әкем көрші үйге кетіпті. Үйдің іші суық екен, от жағуға ыңғайланып, бір мезетте «отын алайын» деп отын қораға барғаным сол еді, сұмдық жағдайдың куәсі болдым. Қораның есігін ашқаным сол еді, асылып тұрған күйеуімді көріп есімнен тандым да қалдым. Күйеуімнің қалтасынан «шалдан шаршадым» деген бір жапырақ қағаз тауып алдым.

 

Міне, содан бері жанымды қоярға жер таппай жүрмін. Осылайша әкемнің қазымыр мінезі күйеуімнің түбіне жетті. Бұрындары «енесі мен келінінің бет жыртысып айғайласқанын көруші едім, мұндай сұмдықты кім көрген» деуші едім. Енді міне, сол сұмдық жайт күйеуімді бақилық етті. Үш балам әкесіз қалды. Ал менің әкем болса әлі қазымырлығын әлі қояр емес. Біресе ұлдары мен келіндерінің барып жүйкесін құртады. Біресе менің келіп жүйкеме тиеді. Осылайша өмірі өтіп жатыр. Ең сорақысы, әкем қазір «мені екінші қайтара үйлендіріңдер» деп мазамызды алып жүр. Өзі балаларына әрең сыйып жүріп, әйел алғысы келетініне таңым бар. Кіші келініміз әкемнің мінезіне шыдамай төркініне кетіп тынды. Үлкен келін ол әкемді көрсе кірпідей жиырылады. Осылай әкемізбен алысып күніміз өтіп жатыр. Жалпы, мұндай адамдарды қайтіп сабырлыққа әкелсе болады?! Осы сабырсыз, қазымыр адамдарды түзеу мүмкін бе екен?! Маған ақыл қосыңыздаршы.

 

 

 

АЖАР, Алматы облысы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста