Әкем ішсе, маған тиісетінді шығарды

Әкем ішсе, маған тиісетінді шығарды

Сәлеметсіздер ме, Әйел құпиясы оқырмандары және админ. Анон етіп шығарасызба фейк страница ашып жазып отырмын. Қатты қиналып кеттім, жүрегім қан жылап отыр. Сіздерге сырымды ашып жеңілдесем деймін. Жасым 15-те. Анам қайтыс болған. Әкеммен және 19 жастағы ағаммен бірге тұрамын.

 

Осыдан бір апта бұрын әкем ішіп келді. Шынымды айтсам қатты шошып кеттім (бұрын мүлдем ішпейтін). Ол мені көрген бетте менің анамның атын атап: қайда жоғалып кеттің деп тиісе бастады (маған елдің бәрі мамаңнан аумайсың деп айтатын). Мен айғайлап қашып өз бөлмеме кірдім де таң атқанша көз ілмей отырдым. Ол жарты сағаттай есікті қақты да тынышталды. Жылаудан басқа амалым болмады.

 

Таң атқанда шығып қарасам ас бөлмеде тамақ жасап жүр екен. Мені тамақтандырып: кеше түнде түсіме анаң кірді деп жылады. Біраз әңгімелестік. Ешнарсе есінде болмаған соң айтпадам кешегіні. Тек енді ішпеші деп жалындым. Ол жақсы деп уәде берді.

 

Бәрі орнына келе бастаған сияқты еді, кеше тағы да удай мас, тағы да маған тиісе бастады. Мен жұлқынып қолымды оның қолынан босата алмай тұр едім, ағам жұмыстан ертерек келіп оны көріп қойды. Ол мені әкемнің қолынан босатты да бөлмеңе бара ғой онымен өзім сөйлесем, жылама, бөлмені кілттеп ал деді. Одан кейінгі естігенім тек айқай шу, заттардың сынғаны, мен болсам отырдым не істерімді білмей, бір нүктеге қадалып.

 

Одан кейін ағам есік қақты. Қан-қан, сау тамтығы қалмаған. Есікті іштен кілттеді де, мені құшақтап: оны әкелік құқығынан айырам да, сені өз қолыма алам, сен келіссең болды деді. Енді не істерімді білмей отырмын.

 

Ағам жұмысынан уақытша демалыс алды. Адвокаттармен сөйлеспекші. Мені онымен қалдырмаймын деп отыр.

 

Қалай ойлайсыздар бұлай істегеніміз дұрыс па? Өмірім бұлай өзгеретіні үш ұйықтасам түсіме кірмепті...

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста