Отбасы - ошақ қасы

Әкемнің қорлығына шыдай алар емеспін...

  • © Depositphotos

    © Depositphotos

Амансыздар ма, құрметті оқырман! Сіздерден ақыл, кеңес сұрағалы отырмын! Жасым 18-де. Əнгіме менің өмірім жайлы. қиналып кеттім, бəрінен шаршадым. Кішкентайымнан əкемнен көрмеген қорлығым қалмады. 18 жыл бойы анамды ұрып соғумен келеді бала кезімнен көргенім осы. Ішпей-жемей сап сау кезінде істейді бəрін.Үйдің бүткіл затын қиратып, қолына түскенін лақтырады.


Мағанда айқайлап, боқтап айтпаған сөзі жоқ талай қорлықты көріп өстім. Менен кейін інім бар ол қатты қорқып қалған оған да айқайлап тастайды. Ешқашан бізді еркелетіп балам, қызым деп басымыздан сипаған емес. Қабағы бір ашылмайды өз үйімізде аяғымыздың ұшымен жүреміз артық сөйлесек, болды айқайлап өзімен өзі жұнырып шыға келеді. Балалық шағымда көргенімнің бəрі əлі көз алдымда анамды шашынан сүйрепү газға күйдірем деп белбеумен ұрғаны бəрі-бəрі есімде. Өте қызғаншақ əркімнен қызғанады.Анама маза бермейді, жұмыстан келсе кіммен жатып келдің деп аузына келгенін айтады.


Жасы біразға келді қоятын шығар десек жоқ əлі сол күйі.Əлі күнге дейін қорлық көріп келеміз.Екеуі ажырасып қайта қосылған.Қосылар кезде енді қолымның ұшында тигізбеймін, ұрмаймын тек балдарымның қасында отырсам болды деп сүмірейіп жылап келген. Бірақ сөзінде тұрмады. Мен одан əрі шыдай алмаймын, шаршадым. Дəрі ішіп һлгім де келген. Өліп-ақ қалар едім, бірақ анам мен інімді ойлап алаңдаймын.


Анама ажырасуға арыз берші, кетейік десем, тындамайды елге күлкі боламыз деп. Əкем өз анасын да, ағаларын да тындамайды бəрі ақылдарын айтып жатыр, бірақ дым нəтиже жоқ. Не істеймін? Қиналып кеттім, өмірдің еш мəні қалмады осындайды көргеннен кейін тұрмысқа шығуға да қорқамын. Сырымды ешкіммен бөлісе алмаймын. Ақылдарынызды айтыңыздаршы! Ұзақ болса кешірерсіздер!




Аноним


alashainasy.kz




Көрілген: 6603    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 18:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30