Отбасы - ошақ қасы

Алматылық келіншек екі баласы мен күйеуін тастап, қайнысына тиіп алған

  • © zabavnik.club

    © zabavnik.club

Бірнеше жыл отасқан күйеуімен ажырасып, қайнысының соңынан ерген алматылық келіншектің әрекеті туған-туыстарын шошытып отыр. Бұл туралы аталған жанұяның жақыны KAZ.NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.


«Бауырымыз жақсы қызметте. Өздерінің ортақ екі балалары бар. Айрандай ұйып отырған отбасыны қандай шайтан түрткенін білмейміз. Келініміз соңғы кезде өзгере бастады. Үйінде шу шығарып, сәл нәрсені сылтау қылады. Жақсы табыс тауып, жанұясын асырап отырған бауырымызды көзге ілмейтіндей дәрежеге жетті. Біз оның қандай да бір жасырын жүрістері бар екенін сездік. Бірақ туған қайын інісінің басын айналдырады деп ойлаған жоқпыз», - дейді атын атамауды өтінген апай.


Үйленбеген, көзі ашық, жоғары білімді әрі тәрбиелі жігіттің туған жеңгесімен бас қосуын туыстары түсіне алар емес.


«Інісінің бұл қылығы бауырымыздың өміріне балта шапты. Бүгінде ұяттан өртенген ол далаға шығудан қалды.

Ел көзіне көрінуден қашып, өзінің жұртқа күлкі болғанын айтудан жалыққан емес. Ал кіші інімізге қалай түсіндірсек те, райынан қайтара алмадық. Қазақ үлкенді сыйлап, ардан аттамаған халық еді. Заманмен бірге адам да өзгерді. Әулетіміздегі бұл жағдай сүйекке таңба болып отыр», - дейді отбасының жақын туысы.


Әулет мүшелері мұндай ұят әрекетке алдымен келін себепкер болуы мүмкін деп топшылайды. Өйткені, бойдақ әрі жас жігіттің өзінен үлкен әйелге алдана қоюы неғайбыл екен.


Туыстардың болжамынша, жеңгесі қайнысын «оқытып» немесе «дуалап» тастауы мүмкін. 




Көрілген: 2142    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.03.2019, 11:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31