Отбасы - ошақ қасы

Анамның кесрінен ажырасып кеттім

  • Анамның кесрінен ажырасып кеттім

    Анамның кесрінен ажырасып кеттім

 Сәлеметсіздер ме, қымбатты арулар, қыз-келіншектер! Мен 21 жасымда  өз сүйген жігітіме күйеуге тидім. Бәрі ертегідегідей басталды. Ата-енем, қайын жұртым жақсы кісілер еді. Олар мені өз қызындай көрді. Не ішем, не жеймін деп еш қиналмадым... Бірақ мен өз бағымды бағалай алмадым. 


Қазір 8 айлық қызым бар, Аллаға шүкір, бірақ күйеуіммен ажырасып кеттік. Анам мен әкем өміріме араласа берді. "Күйеуіңнің жағдайы төмен, ата-енең ақша ұстатпайды екен" деп айта берді,  мен де анамның сөзіне еріп кеттім... Күйеуімнен бала туылған соң кетіп қалдым. Енеме де айтпаған сөзім қалмады, анамның үйреткендерін айттым. Анамның бар ойы күйеуіммен бөлек шыққанымды қалайды екен,  айлығын өзің жұмсайсың деді. Қазір күйеуіммен сөйлесіп тұрамын, үйге қызын көруге келіп тұрады. Қызының еміне, киім-кешегіне ақшасын аямайды. Мені қайтадан алып кетуге бірнеше рет ұсыныс айтты. Мен анамның сөзінен шыға алмадым... Қазір қатты өкінем анамды тыңдағаныма. Күйеуіммен үйіне баруға бетім жоқ. Қыздар, келіншектер, естеріңіз барда елдеріңізді табыңыздар. Анаңыздың теріс ақыл-кеңесін тыңдамаңыздар, әйтпесе менің күйімді кешесіздер... АР азабы қинайды. 


Аноним 


 




Көрілген: 3789    Пікірлер: 0

сенбі, 10.08.2019, 12:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31