Отбасы - ошақ қасы

Әркім күйеуін, жігітін қызғанып, намысыма тиеді

  • Әркім күйеуін, жігітін қызғанып, намысыма тиеді

    Әркім күйеуін, жігітін қызғанып, намысыма тиеді

Амансыздар ма, құрметті оқырман, нәзікжанды арулар, барлығыңызға бақыт тіледім. Мен өзім сияқты тағдырлас келіншектер мен өмір көрген әпкелерден ақыл сұрағым келеді. Налымаймын тағдырыма, алайда осы небәрі 23 жасыма дейін біраз сынақ көрдім.


Алматыға оқуға келіп, грантқа түсіп, бақыттан басым көкке бір елі жетпей жүрген кезімде бірінші курсты бітірген жылы алып қашты амалсыздан аттаған босағамда қалдым. Сол бір жылым тозақ болды, күйеуім себепсіз ұрыс шығарады, ұрады, сөз қайтармаймын, олай болғанда тірі қоймас еді. Темекісіне менің стипендиямнан сұрайды, ақша болмаса қарыз ал, тауып кел дейді, егер бармасаң ұрады. Өзім бала көтеріп едім, тіпті қуанбақ түгілі былқ етпеді.  Бөлмеде темекі шегіп отыра береді. Жұмыс істемейді, ешқашан істемеген.  Ақыры баланы өзің бағып өсір, мен жұмыс істемеймін, бақпаймын, алимент сұрама деді. Қайта байланысқым келмеді көргім де келмеді. Ол баладан, мен алименттен бас тарттық.


Содан бері 3 жыл өтті, іздеп бір келмеді. Оқуымды бітіріп, диплом алдым, жұмысқа да тұрдым. Күйеуің жоқ болған соң әркім күйеуін қызғанып, жігітін қызғанып намысыңа тиеді екен. Шаршатып жіберді. Түсінігі мол ,менің әйелім бұл дейтін намысты адам болғанда тұрмысқа шығып кетіп, құтылсам сондай сөздерден деймін, бірақ ондайға менде уақыт та жоқ (танысуға) әрі қорқынышты.  Салмақты, сөзінде тұратын еркектер де жоқ-ау қазір. Әрі қызым уайымым, оның өмірі не болмақ? Сіздер не кеңес бересіздер? Жалақың жақсы болғанымен төркініңде отырған да қиын екен.әр қадамымды аңдып, ата-анам да маған сенбей ме деген пікір ой келеді кейде...


Аноним 




Көрілген: 2849    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.12.2018, 09:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30