Ата-енем немерелерін еркелетпейді

Ата-енем немерелерін еркелетпейді

«Бауыржан Момышұлы: «Немересіне ертегі айтпайтын әжелер мен баласын бесікке бөлемейтін келіндер бар. Мен осылардан қорқамын» демеп пе еді. Мен өзім балалы болғалы осы сөзді жиі есіме аламын. Өйткені менің ата-енем немерелеріне ертегі айтпақ түгілі, тіпті еркелетіп бастарынан да сипамайды» дейді «Алаш айнасына» хат жолдаған Мақпал есімді оқырман.
Мен өзім ауылда өстім. Кейін қалаға келіп, жоғары оқуды бітрігеннен кейін Алматы қаласының жігітіне тұрмысқа шықтым. Күйеуіммен алғаш танысқан кезімізде ол қазақша жақсы сөйлей де алмайтын. Бірақ екеуміз жақсы тіл табысып, ойымыз бір жерден шыққан соң отбасын құрдық. Ол орысша сөйлесе, мен қазақша жауап беретінмін. Кейіннен ол да ана тілін жетік меңгеріп алды. Өйткені Мұрат қалада тәрбиеленсе де, қазақ әндерін тыңдағанды жақсы көреді, жаны қазақ, нағыз патриот.
Мұрат екеуміз отбасын құрған кезде алғашқы жылдары ата-енеммен тұрдық. Өмір бойы қалада тұрған, үйлеріне артық-ауыз адамның келгенін көтере алмайтын ата-енемді түсіну мен үшін өте қиын болды. Мерекелерде, туған күндерде үйге достарымыз, туған-туыстарымыз келе қалса әсіресе, енемнің қас-қабағына қарап қысылып бітетінмін. Өйткені ол кісі келген қонаққа, әсіресе бала ертіп келген қонақтарға бетің-жүзің демей, «Болды, қайтыңдар үйлеріңе, біз шаршадық» дей салатын.
Тұрмысқа шыққаныма бір жылдай болғанда тұғышыма аяғым ауыр екенін білгенде қуаныштан жүрегім жарылардай болды, күйеуім де қатты қуанды. Мен қуанышымды үйдегілермен бөліскен едім, сонда енем: «Әлі жассыңдар ғой, бала тууға асықпасаңдар да болар еді. Кім біледі бірге тұрасыңдар ма, бөлек кетесіңдер ме? Жас кезде жұмыс істеу керек. Осы бір балаңды туып ал да, екіншісіне асықпа» деді.Қаперінде ол кісіге не дерімді де білмедім, үнсіз басымды изедім де қойдым. Анасының сырын жақсы білетін күйеуім маған: «Мамам кейде қаттырақ сөйлей салады, оның сөзін көңіліңе алма, ең бастысы екеуміз бір-бірімізді түсінсек болды» дейтін. Жолдасымның арқасында ата-енем не деп жатса да сөз қайтармауға, көңілімді түсірмеуге тырыстым. Егер маған Мұрат маған осынша қолдау білдірмегенде менің де тілім шығып, арамызда ұрыс-керіс болар еді.
Сонымен тұңғыш қызымыз дүние есігін ашты. Ата-әжесінің де алғашқы қызығы ғой деп, бөпеміздің есімін ата-әжесінің қоюын өтіндік. Атасы қызымыздың есімін Айтолқын қойды. Атам енеме қарағанда аз да болса бөбекті қолына алып, анда-санда болса да маңдайынан иіскейді. Ал енем, әже болып қырқынан шықпаған баланы бір рет суға да түсіріспеді. Алғашқы балам болғандықтан кіп-кішкентай шақалақты ұстауға өзім де қорықтым. Денесіне қолымды батырып аламын ба деп жаным шығатын. Бірақ әйтеуір бұрын әжелеріміздің кішкене нәрестені қырық күні жақсылап жуындырып, майлап, денесін созу керек дегенін естіп өстік қой. Алыста тұратын анам қалжа алып келемін дегенше бірнеше күні өз білгенімді істеп, бөбегіме қараумен болдым. Анам келген соң баламызды қырқынан шыққанша қарасып, білмегенімді үйретіп кетті. Анам енемнің көзінше: «Емізулі баласы бар жас келіншек жиі-жиі құнарлы тамақ ішу керек, бір уақыт баланы құдағи ұстап отырғанда жақсылап тамақтанып, тірлігіңді бітіріп ал, тынығып ал» деді. Енемнің ешқашан балаға жоламайтынын біліп тұрсам да, не дейін, анам алаңдамасын деп үндемей шығарып салдым.
Айтолқыным жастан асқанда енем маған: «Баланы ауылға шешеңе апарып таста да, жұмысқа шық. Үйде отыра бересің бе?» деп мазамды алды. Сол кезде бірінші рет енеме: «Мамам менің қызымды қарап беруден қашпайды. Бірақ мен Айтолқынды ауылға жібере алмаймын, ол әлі кішкентай, омыраудан ерте шығаруға обал» деп кесіп айттым. Осыдан кейін ол жолдасымның есін шығарды. «Елдің келіндерінің бәрі балаларын өз шешесіне апарып тастап жұмысқа шығады, сенің келіншегің осылай отыра бере ме? Мына баланың жылағанынан түнімен дұрыс ұйықтай алмаймыз, Ұйқым қанбай жұмысқа барып әбден шаршап жүрмін» деді. Сөйтіп жүргенде күйеуімнен кейінгі інісі үйленді. Қайным үйленгенде қатты қуандым, өйткені біз өз алдымызға отау болып, ұрыс-керіссіз бөлек шығатын күнімізді күтіп жүрген едім. Бір жағынан ата-әженің немереге деген мейірімі болмаса, бір уақыт немересін құшағына алмаса бірге тұрып қадір-қасиетімізді кетіргенше бөлек шыққанымыз дұрыс деп шештік.
Бөлек шыққанымызға міне, 5 жылдан асты, бүгінде үш балалы болдым. Үшеуін де Аллаға шүкір қарауға үлегремін, жақында балаларымды балабақшаға орналастырып, жұмысқа да шықтым. Жолдасым бала қарау тек әйелдің ғана міндеті деп қарамай, маған көмектеседі. Ал ата-енемнің үйіне анда-санда мереке күндері құттықтап кіріп шығамыз. Өйткені ата-әжесі біздің тентек балалардың үйдегі әрнәрсені ұстап көргенін, жүгіргенін, шулап ойнағанын көтере алмайды. Баламызды жақтырмай тұрғандықтан ол үйге жиі бармауға тырысамыз. Ата-енем тыныш өмірге әбден үйреніп қалған болу керек. Кішкене баланы керек те етпейді. Қайнымның үйленгеніне 4 жылдан асса да, әзірге балалары жоқ. Абысыным бала көтере алмағанына қиналып-ақ жүр. Бірақ ата-енем үшін келіндерінің құрсақ көтермегені аса алаңдатпайтын да секілді. Негізі атам да, енем де аса қартайып тұрған адамдар емес, жастары алпысқа да жеткен жоқ. Бірақ немере бағудан неге сонша қашатындарына таңғаламын. Немерелерін бақпай-ақ қойсын-ау, ең болмаса еміреніп, еркелетіп, бастарынан сипаса да болады ғой.
Құрбыларым, таныстарымның әңгімесін тыңдасаң, көбінің ата-енесі немерелерін өз балаларынан қызғанып, өздері бағып, анда-мында ертіп апарып, тәтті-дәмдіні немерелерінің аузына тосатынын естисің де, біртүрлі жүрегің ауырып қалады екен. Өзім де әжемнің аялы алақанын сезініп, еркелеп өскенен кейін менің де балаларым ата-әжесінің еркесі болсын деген едім. Сондықтан балаларымды ата-әжесіне барынша жақын еткім келдім. Бірақ мен қателескен сияқтымын, әлде мен өзім қайынжұртымның көңілін таба алмадым ба? Кейде жолдасым екеуміз бір-бірімізге: «Кейін өзіміз ата-әже болғанда немеремізді еркелетіп, барымызды соларға берейікші» деп қоямыз. Алла сол күнге жеткізсін деп тілеймін. Өміріміздің мәні де, сәні де бала емес пе, ал «немере баладан да тәтті» демеуші ме еді....

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста