Отбасы - ошақ қасы

Атам бізді ажырастырмай тынбайтын сияқты

  • Атам бізді ажырастырмай тынбайтын сияқты

    Атам бізді ажырастырмай тынбайтын сияқты

Сәлеметсіздер ме? Тұрмыстағы келіншекпін. Тұрмыс құрғаныма бес жылдан асып барады. Бала көтере алмай жүрмін.Ана бақытын сезінгім келеді. Жасым 25- ке келді.Алланың берген сынағын әрең көтеріп жүргенімде,қайын атам қосылды. Ішіп алып «кет»дейтінді шығарды.  «Ұлым ұрпақсыз өтетін болды. Сендей бедеу келін керек емес» деп ішіп алса, аузына келгенді айтып боқтайды.

     Көршілерге кетіп қалсам, артымнан ит қосып іздеп  барады.Күйеуім «атаң ішкенде қасында бол қара»дейді  жұмысқа кеткенде. Ал ол ішсе боқтап дымымды қоймайды. үндемеуші ем, біржолы қатты боқтап ұрысты  «көзіме көрінбе, кет» деп. Ызаға булығып «байым кет демей ешқайда кетпеймін,сізге тиген жоқпын, шаруаңыз болмасын» деп тастадым. Қазіргі келіндер енесін айтса, мен атамнан зәбір көріп жүрмін. Жүйкем әбден жұқарып барады. Ашушақ боп барамын. Күйеуіме «арамызда бала жоқ, ажыраса салайық» десем, ол «Басымыз әлі жас. Балалы болып кетерміз. Уайымдама» дейді. Ал атам бізді ажырастырмай тынбайтын сияқты. Мен күйеуімді қатты жақсы көремін. Не істеймін? Ақыл қосыңдаршы.




Көрілген: 5124    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.12.2020, 20:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты
    15 Ақпан, 09:12
    Күйеу үшін күрес...
    28 Қаңтар, 23:28
    Құрбыма жаным ашиды
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31