Отбасы - ошақ қасы

Атамдай жанға жар болып, жастығымды сыйладым

  • Атамдай жанға жар болып, жастығымды сыйладым

    Атамдай жанға жар болып, жастығымды сыйладым

 Біреу күлер,біреу күрсінер..

Біреу сенер, біреу сенбес оқиғам бар. Жетімдер үйінен шыққан соң аш-жалаңаш далада қалғанымды өзім əсте ұмытпаймын. Балалар үйінен шыққан соң көмек сұрар ешкімім болмады. Құдай басқа салмасын, бас сұғарға баспана таппаған адамның хəлін сөзбен суреттей алмайсың...

Екі айға жақын уақыт қыз басыммен өңкей қайыршылармен бірге жертөледе өмір сүрдім. Тапқан көгерген нанға таласатынбыз. Мықтылығымнан шығар, ешбірі маған жолай алмады. Сол сұрқай өмірден қалай болса да құтылғым келді. Біз паналап жүрген үйдің бірінші қабатында жетпіске таялған шал тұрды. Үнемі жалғыз жүретін. Ешкім оны іздеп келмейтін. Соған қарап ешкімі жоқ деп түсіндім. Желтоқсан айы жақындаған уақытта сол атай мені аяды ма? Əлде, қайыршы еместігімді аңғарды ма? Мені үйіне кіргізді. Бірге тұра бастадық. Бар тамағын жасап, кірін жуып үйінің бар тірлігін мойныма алдым. Атамдай қарап, армандарымды айтып, бірге теледидар көріп жүрдік. Адам баласы тез бауыр басады екен. Мен де солай бауыр бастым. Бұл дүниедегі бар заттың өз құны бар. Жасаған жақсылықтың да құнын сұрайтындар табылады екен. Табылды да. Бір ай өтпей əлгі шал маған жақындасуға қолқа салды. Лəжім жоқ. Айтқанына көндім. Қақаған қыста далада қалғым келмеді. Жетпістегі шалдың қазір зайыбымын. Бір сəттік нəпсі құмарлығы үшін емес, өмірлік жар болу үшін маған жақындаған екен. Бар қажетімді сол кісі өтейді. Бірақ, көкейімде атамдай көрген кезім еш шықпайды.

Маңдайыма жазған тағдырым шығар. « Жазмыштан озмыш жоқ» дейді ғой атам қазақ. Қанша талпынсақта тағдырдың маңдайға жазғанынан қашып кете алмайды пенде.Мен де солай әкемдей,бәлкім атамдай жанға жар болып,жастығымды сыйлап ғұмыр кешудемін...

el24kz




Көрілген: 7151    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.02.2020, 08:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31