Әйел жақсы бітірсе - ұл табады деген әңгіме рас па?
Саламатсыздар ма? Жасым 28-де. Үш қызым бар. Сұрайын дегенім «әйел төсекте жақсы бітірсе ұл табады» деген сөз рас па? Шынын айту керек, өзім төсекке суықпын. Маған төсек маңызды емес. Қашан болсын «қалай бітірсе емес, тезірек бітірсе» деп ойлап тұрамын. Жасыратыны жоқ, ол барын салып жатады. Мен сонда да беріле алмаймын. Тіпті оргазмның не екенін білмеймін десем де болады. Құрбыларым осы тақырыпта түрлі «қызықтарын» айтып жатқанымен маған бәрі жай сөз секілді. Бірақ ұлды болғым келеді. Жақында құрбыларымнан осындай бір әңгіме естідім. Мүмкін болса толық жауап берсеңіздер екен. Әйелдің оргазм алуы, болашақ баланың жынысына әсер ете ме? Әлде мұның барлығы жай әңгіме ме?
Аяла, Тараз қаласы
Гүлзейнеп Мырзанова, гинеколог:
Әйелдер мен еркектердің табиғатындағы айырмашылықтар туралы айтпаған ауыз, жазбаған қол қалмады. Ал сол айырмашылық дүние есігін ашқаннан да емес, одан ерте, әкенің белінде жатқан шақтан тамыр алады екен. Жиырма үш жұп хромосома туралы бәріміз білеміз. Соңғы жиырма үшінші жұп не ХХ (қыз), не ХҮ (ұл) болатыны да бәрімізге белгілі. Ол әр түрлі жұп хромосомалар тек еркектің ұрығында ғана болады. Әйелдің ұрығындағы хромосомалар ХХ және өзгермейді, яғни әйел қашанда қыз тууға дайын. Ал ұл табу үшін біраз тер төгу керек.