Отбасы - ошақ қасы

Бастығыммен шатысып, ардан аттадым

  • Бастығыммен шатысып, ардан аттадым

    Бастығыммен шатысып, ардан аттадым

 Әйел адам үйде отыра бергесін кәдімгідей басылып, жүнжіп кетеді екен. Күйеуіңнің алдында да қадірің аса болмайды. Әкелгенін қанағат тұтып, ұқсатып отырмын-ақ. «Декреттен» кейін сегіз жыл өтсе де әлі жұмысқа шыққан емеспін.

Әбден жалықтым

Күйеуіммен ақылдасып, таныс арқылы ақыры бір жұмысқа шықтым-ау. Кәдімгідей еңсем тіктеліп, бойымды түзеп алдым.


Ұзақ уақыттан кейін ел көзіне шыққасын ба, өзге еркектерге назар сала бастадым. Бір жаңашылдық іздедім бе, әлде байырғыдай ғашық болуы тәрізді алып-ұшқан сезімді қаладым ба, әйтеуір көңілім жеңілтектеніп тұратын. Сондықтан болар, жұмыстағы бастығымды қатты ұната бастадым. Белгісіз бір нәрсе оған тартады да тұрады. Жанына жақындасам әтірінің иісіне қоса, нағыз еркектің иісін сезетіндеймін. Осындай жеке шаруасын дөңгелеткен адам әрине батыл, ақылды, ештеңеден қорықпайтын ержүрек емес пе!?


Ол әрине, үйленген, екі кішкентай баласы бар.


Оның хатшы қызбен жүретінін білетінмін. Біраз уақыттан соң маған да кет әрі емес екенін білдім. Менімен қатынас жасаса, бір-екі рет болған соң кетіп қалар деп ойлағам. Тіпті солай болған күнде де мен оған келіскендеймін.


 


Бір сезім, құштарлық оның құшағына итермелей берді. Ол сәтте күйеуімді мүлдем ойлаған жоқпын. Бірақ, ол махаббатқа әбден беріліп кетті. Бастық болған соң қаталдау, жеке ұстанымы бар адам. Және тым қызғаншақ. Бір мезетте екі әйелмен жата алмайтынын айтып, маған да «күйеуіңмен жатпа» деген талап қойды. Өзі әйелімен жатпайды екен. Онысына сенгім келеді, әрине.


Осылайша екі ай өтті. Енді онымен қатынасты тыяйын десем, жұмысымнан айырылып қалам ба деп қорқамын. Айлығым жаман емес. Бастығыма «ауырып жүрмін, емделуім қажет, әзірге жақын қатынасқа түсуге болмайды» деп, жарты айдай күйеуіммен жатып жүрдім.


Бұл бетсіз тірлікті доғару керек деп шешіп, сосын «Арман, отбасыма ораламын, күйеуім екеуіміз бөтен адамдар сияқтымыз, өкінішті, сен ренжіме», деген едім. Ол бұлқан-талқан болып, «ойланып кел, әйтпесе жұмыстан кетесің, мен сенімен бірге жұмыс істей алмаймын», деп жауап қайтарды.


Мен сол күйеуіммен болған 15 күн ішінде жүкті екенімді білдім. Декретке кетуіме дейін жұмыс істей тұрғаным жақсы еді. Жүктілік мерзімі үлкен емес. Сондықтан ішім білінгенше жүре тұру үшін Арманмен төсек қатынасы болу керек. Жүкті екенімді білген соң Арманмен болғым келмей қалды.


Не істеу керектігін білмеймін. Ол мені жібергісі келмейді, ал әйелімен ажырасқысы жоқ. Бірақ әйелінен кеткенін мен де қаламаймын. Бір жағынан қатты қорқамын одан. Қылығымның дұрыс емес екенін білемін.


Басында есімді жоғалтып, қандай да бір «приключение» іздегенім рас, біраз уақыт жай жүре тұрайын дегенмін.


Енді екі жаққа да, яғни өз отбасыма да, Арманға да ешқандай шығынсыз осы шаруаны жабулы күйінде қалдырайын десем, ыңғайы келіңкіремей тұр.


Қалай етсем дұрыс болады екен?

el24kz




Көрілген: 1886    Пікірлер: 0

жұма, 18.01.2019, 20:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 09:40
    Баламды бергім келеді
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30