Бес жасымда анам менен бас тартты, әкем басқаға кетті. Менің тағдырым осылай басталды

22 желтоқсан 2022, 08:00

Менің есімім Жазира. Мен беске толған шақта анам менен бас тартты. Əкем басқа əйелге кетті. Кейіннен анам басқа жанға тұрмысқа шықты. Өгей əкем мені бірден ұнатпады. Келе-келе олар ұрыса берді. Кейін анам мені базарға əкелді. Мені құшаққа басып, ұзақ жылады. Əдемі киімдер алып берді. Сыртқа шықтық. Менің қуанышымда шек жоқ. Мамам маған қарап:

 

-Мен қазір келемін деді де жоқ болып кетті...

 

Мен күтіп отырдым. 1 сағат өтті. Анам əлі жоқ., 2 сағат өтті. Мен жалтақтап қарай бердім. Анам келмеді. Солай мені полиция алып кетті. Мені белгісіз жаққа алып келді. Іште толы балалар. Көздерінде мұң бар. Бір адамды күтіп жүрген сияқты. Мен бəріне қарадым. Полиция мені жетектеп бір апайға əкелді. Апай маған жылы көзбен қарады. Бірақ жүрегім бір мұңды сезетін.

 

Кеш батты... Апай келіп қатты дауысымен:

 

- Отыра бермей жина мына жерді- деді

 

Мен жинадым. Терезе алдынан кетпейтінмін, анам келіп алып кетеді деген үміт еді.

 

Күндер, жылдар өте берді. Апайлар бізді аямайтын... Ұратын. Денеміз қып-қызыл болып, көгеретін, қанайтын да. Жыласақ та тоқтамайтын.

 

Бірде мен терезе алдында отырдым. Байқамай бір гүлді сындырып алдым. Ана жақтан Жамал апай келгенше жинап тастамақ болдым. Бірақ Жамал апай жаныма жетіп келіп:

 

- Сен жетімек не істеп отырсың мына жерде деді. Сынған гүлді көріп таяқ астына алды. Мен жəй ғана үнмен анамды күтудемін дедім. Жамал апай қарап күлді де

 

-Сен анам келеді деп ойлайсың ба? Анаң сенің жоқ. Ол өліп қалған деді.

 

Мен:

 

- Жо-жоқ олай демеңіз анам тірі. Ол мені күндердің бір күнінде алып кетеді дедім.

 

- Сендей қыз кімге керек?! Анаң сенің жоқ деп қайталай берді...

 

Мен тыңдамадым... Анамның мені алып кететініне сенетінмін... Бұл кезде жасым 12 болатын. Апайлар бізге үйді жинататын. Дұрыс істемей қалсақ аямай ұратын. Əрине жетім қызды кім аясын.

 

Бірде менің ең жақын құрбымды алып кетпек болып бір əйел мен еркек келді. Құрбымның қуанышында шек жоқ. Мен:

 

- Мені де өздеріңізбен ала кеті,іздерші деп жыладым. Өтіндім. Алайда... Алайда олар мені тыңдамады. Құрбымды алып кете барды. Ал мен жылап қала бердім.

 

Жылдар өтті. 18 жасымда жетімдер үйінен шығарды. Енді өз бетімше өмір сүрмекпін.

 

Алдымен тұратын үй таптым. Дереу жұмыс іздедім. Бір жерге даяшы болып жұмысқа кірдім. Жалақым көп болмаса да қанағат тұттым.

 

Солай-солай аяққа тұрып кеттім. Оқуымды жақсы аяктадым. Аяжан деген құрбым болатын. Уақыт өте берді. Солай жүріп мен бір жігітке ғашық болдым. Олда пəтер жалдап, көрші бөлмеде тұратын. Ол бала өте жақсы, керемет, мінезі ашық, ұқыпты еді. Əрдайым мені қолдап тұрды. Оның жасы 23 те болатын. Солай бірінші таныс, жолдас, сырлас болдық. Ол жігіттің аты Қанағат еді.

 

Құрбым маған жиі келетін. Бірде сөйлесіп отырғанда Қанағат туралы сұрады. Оның Қанағатты ұнатып қалғанын айтқанда менің төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей болды. Үндемей тұрып қалдым. Кейіннен Қанағатқа құрбым үшін жоламайтын болдым. Қашқақтап жүретінмін. Мені ұнатып жүрген жігіттер көп еді. Неге екенін білмеймін Қанағатқа көңілім ауып тұратын. Аяжан менің Қанағатқа деген сезімім бар екенін байқаған тəрізді болды. Бірақ білдіртпеді. Ал Аяжан Қанағатты қалай өзіне қарату керек екеніне жоспар құрды. Менен көмек сұрады. Менің жылағым келді. Мен ақыл айттым. Көмектестім. Құрбым үшін бəріне бардым. Қанағат маған ғана жылы шырайын танытатын. Оған Аяжан ашуланатын. Сонымен екеуміздің арамыз суыи бастады. Ол сəл нəрсеге ұрыс шығаратын. Менімен сырласпайтын. Екеуміз бір пəтерді жалдап тұратынбыз. Күннен-күнге арамыз алшақтай берді. Кейіннен мен жұмыс бойынша Алматыға кетпек болдым. Онда 4 ай жүрдім. Сол жақта апатқа түсіп аяғымды сындырып алдым. Дəрігер жүре алмайтынымды айтқанда жүрегім қарс айырылды. Жылай бердім. Қанағатта жоғалып кетті, Аяжан да бөлек кетті. Солай арпалысып жүргенде Қанағаттың үйленгенін жəне оның Аяжанға үйленгенін естідім. Мен жылай бердім. Махаббатым əлсіз болған болар бəлкім. Кейіннен жүруге əрекет жасадым. Түрлі емдер алдым. Бір-екі жыл ішінде жайлап жүре бастадым. Уақыт өте жүріп кеттім. Жалғыз қуанышым осы болды. Мен сүйгенімнен айырылдым. Құрбымнан да...

 

Қайта жұмысқа орналастым.

 

Тігінші болып жұмыс істедім. Бұл кезде мен 20 толған едім. Жұмысымда бастығым бар еді. Ол мейірімді болды. Аяққа тұруға көмектесті. Оның жасы 25-те болатын. Ол жігіт əйелінен айырылып қалған болатын. Артынан бір жасар қызы қалды. Мен оны ағам ретінде сыйлайтынмын. Оның менде ойы барын сезетінмін. Ол екеуміз дос ретінде араласып, сырластық. Ол керемет жан еді. Маған тұрмысқа шықшы деп ұсыныс жасады. Мен туралы ол бəрін білетін. Мен келістім. Жазда тойымыз болды. Ата-енем мені бірден қабылдады. Енем өте жақсы кісі. Ол маған білмегенімді үйретті. Қызындай көрді. Ана жылуын енем берді. Ал атам əкемдей болды. Мен күйеуімнің қызын өз қызымдай бауырыма бастым. Өзі тəп-тəтті еді. Өмірдің басы ащы болса соңы тəтті болады деген осы екен. Қазір ұлымыз бар. Біз бақыттымыз. Осыны оқып отырған барша оқырманға бақыт тілеймін!...

 

 

Жазира, Алматы

Аlashainasy.kz