Отбасы - ошақ қасы

Бір-бірін 36 жыл көрмеген қос ғашық желі арқылы қайта табысып, шаңырақ көтерді

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританияда бірнеше жыл бойы көріспеген қос ғашық 36 жылдан кейін қауышты. Бірін-бірі әлі де сүйетінін түсінген олар үйленуге бел буған деп хабарлайды Lenta.ru.

 

Роланд пен Лиза Лолер Оңтүстік Уэльстегі Барри аралында қосымша жұмыс істеп жүргенде танысқан. Сол кезде 18 жастағы қыз даяшы, 20 жастағы жігіт аспаз болып еңбек еткен.

 

Олар бір-біріне бір көргеннен ғашық болған. Алайда жазғы демалыс аяқталып, төрт айдан соң үйлеріне қайтқан. Араларының алыстығына қарамастан қос ғашық ортақ болашағын армандап, үнемі хат жазысып тұрған. Алайда бір жылдан кейін Роланд әскерге кетіп, екеуінің байланысы үзіліп қалған.

 

13 жыл бойы әлемді шарлаған Роланд бір сәтке де сүйіктісі Лизаның суретін тастамаған көрінеді. Бойжеткен де жігітті үнемі есіне алып, оны жалғыз махаббатым деп есептеген.

 

Дегенмен Роланд өзге аруға үйленіп, ұлы өмірге келген. Алайда ерлі-зайыптының некесі 14 жылдан кейін бұзылған екен.

 

Лиза да шаңырақ көтеріп, екі қыздың анасы болған. Алайда бірнеше жылдан кейін өз қалауымен ажырасып кеткен.

 

Осылайша, 2020 жылдың тамыз айында Роланд Facebook әлеуметтік желісі арқылы алғашқы махаббатын тапқан. Небәрі бес күннен соң кездескен екеуі бірін-бірі әлі де сүйетінін түсінген. Жаңа жыл қарсаңында Роланд ғашығына үйленуге ұсыныс жасап, тойларын алғашқы кездесу орнынан 25 шақырым жерде өткізген.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 2274    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 17:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...
    9 Қыркүйек, 01:14
    Қайынағам қырындап жүр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31