Отбасы - ошақ қасы

"Бұл көзге шөп салғаннан жақсы": Әйел әлеуметтік желіде күйеуіне тоқал іздеп хабарлама жариялады

  • "Бұл көзге шөп салғаннан жақсы": Әйел әлеуметтік желіде күйеуіне тоқал іздеп хабарлама жариялады

Мәскеу облысында мұсылман әйел күйеуіне тоқалдыққа мұсылман орыс әйелін іздеп жүр. Ол бұл туралы әлеуметтік желілердің бірінде жарнама жариялады.

«Московский Комсомолец» басылым мәліметінше, мұсылман қауымдары оны айыптады. Жарнамада екінші әйел рөліне үміткер 23 жастан аспаған пәк және мұсылман болуы керек делінген.

 «Егер менің күйеуім нәпсіден екінші әйел алғысы келсе, мен қарсы болар едім. Бірақ ол үлкен отбасы мен көп балалы болғысы келеді, мен бұл тілекті құрметтеймін. Отбасындағы бірнеше әйел ер адамды азғындыққа барудан құтқарады», - деп түсіндірді Наргиза Тілеумбетова.

Оның айтуынша, үміткер табылып үлгерген. Наргизаның өзі мұсылман Сергей есімді орыс жігіт үшін исламды қабылдады.

«Муфтият интернетте танысуға рұқсат береді, бірақ тек отбасын құру мақсатында болу керек. Бірақ әлеуметтік желілердегі мұндай парақшалар біртіндеп бүкіл ғаламторда азғындыққа айналды. Сондықтан шіркеу қызметкерлеріне ыңғайлы болу үшін кейбір діни ұйымдар өз сайттарында танысу бөлімін құрды», - деп түсіндірді мешіттердің бірінің имамы.

«Барлық қыздар күйеуіммен емес, менімен сөйлеседі. Олар маған өз профилдерін және фотосуреттерін жібереді. Қазірдің өзінде 50-ден астам үміткер болды. Ал олардың кейбіреулері енді ғана 15 жаста толған», - дейді Наргиза.

Наргиза еш жерде жұмыс жасамайды. Күйеуі риэлтор болып жұмыс істейді. Журналист әйелді  редакцияға сұхбат беруге шақырғанда, оның жол жүруге ақшасы жоқ болып шықты. Мұндай жағдайда Сергейдің екінші әйелін қалай асырайтыны жұмбақ күйінде қалып отыр. Кейбір желі қолданушылары әлеуметтік желі арқылы екінші әйел іздеудің жай ғана хайп екенін айтып жатыр.

stan.kz




Көрілген: 1737    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.03.2021, 21:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Мамыр, 22:21
    Қызыма әке керек
    29 Сәуір, 11:07
    Ананың ақылы...
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана
    29 Наурыз, 12:42
    Баламның әкесі басқа

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31