Еркектерге ажырасқан әйелден бір-ақ нәрсе керек екенін ұққандаймын...

Еркектерге ажырасқан әйелден бір-ақ нәрсе керек екенін ұққандаймын...

Ақыл-кеңестеріңіз керек болып тұр, құрметті оқырман! Жасым 35-те, ажырасқанмын 2 жыл бұрын, бір қызымыз бар. 12 жыл отастық. Бір-бірімізге суық болдық. Соның салдары ма, еш өкінбестен екі жаққа кеттік. Ол да отбасын сақтауға онша тырыспады. Менің оған деген көңілім толмайтын. Мүмкін бір баламен шектелген соң осындай болды ма деп те ойлаймын.

 

Екінші баланы көтергенмен, арадағы ұрыс, қол көтеру бар, сондай күйзелістен болар түсік тастадым. Содан көтере алмай жүрдім.

 

Ендігі мәселе - өзімнен 7 жас үлкен бір ер адам (өзі намаз окиды, отбасы, балалары бар) некеге отырып, екінші жары болуға ұсыныс жасаған болатын. Танысып, араласа бастағанымызға да 9 ай болып қалыпты. Бірақ жақын қатынасқа бармадық. Қазірше кездесуіміз түскі ас ішумен шектелуде.

 

Оның әйелі күйеуінің тоқал алуына қарсы емес, керісінше, қолдап отырғанын әу баста айтқанда, таңданыстың болғаны рас. Өз басым ондай келісім бермес едім деп. Отбасылы еркектермен де араласудан бас тарту қажет екенін де білемін. Бұл қатынастың созылғаны о баста әйелінің рұқсат бергені де болар.

 

Басында сенбегендіктен, әйелің өзі көзқарасын білдірсін деген талап қойдым. Интернет арқылы бірінші өзі жазып, танысып кеттік, басты мәселе туралы сойлесіп, озінің қарсы еместігін білдірді. Бір жағынан қызыға қарағанмен, екінші жағынан күман басым болды. Неге олай?! Балалары жоқ болса бір сәрі немесе денсаулығында кінарат бар дейін десең, өзін күте білетін ажарлы келіншек. Әлде жолдасын құрметтегені соншалық, осындай қадамға барып отырғаны ма деген сан ойлар келеді. Арасында ғана жазыстық.

 

Ал ер кісімен күнде жазбасақ, бір-бірімізді іздейміз. Сағынамыз. Оған бауыр басып барамын. Некеге отыруға келісімімді бермедім. Бірақ әйел бақытын сезінгім келеді. Екінші рет сәби сүйгім келеді.

 

Кейде ойлаймын, осы мен не істеп жүрмін, босқа үміттеніп жүрген жоқпын ба деп?! Материалдық жағынан ешкімге тәуелді емеспін. Шүкір. Тұрақты қызметім бар. Ортам жақсы. Көп қыдырмаймын. Жұмыс пен үй.

 

Бойдақ жігіт құрып қалды ма дерсіздер, бірақ еркектерге ажырасқан келіншектен бір-ақ нәрсе керек екенін ұққандаймын. Және де екінші рет тұрмыс құруды ойласам, қорқыныш басым. Бұл ер адаммен көңіл қоссам, жаным тыныш болатын сияқты көрінеді.

 

Бірақ кей кездері қиналатын сияқтымын. Өйткені өз отбасын бірінші кезекке қоятыны белгілі. Некеге келіскенім дұрыс па, алде бас тартып, уақыттың еншісіне салғаным дұрыс па?!

 

Анама шет жағасын айтып едім, қарсы болды, бірақ өзің үшін, денсаулығың үшін кездес дейді. Мен оны жанымнан көргім келеді. Бірақ қалай?! Ол басқа қалада, мен басқа қалада. Әйелінің келісім беріп отырғаны менің сыртта болғаным шығар деп ойлаймын. Сіздер не дейсіздер?

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста