Отбасы - ошақ қасы

Еріксіз тиген соң, есік көрген атым бар деп амалсыздан көне беру керек пе?

  • Еріксіз тиген соң, есік көрген атым бар деп амалсыздан көне беру керек пе?

    Еріксіз тиген соң, есік көрген атым бар деп амалсыздан көне беру керек пе?

 Қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? Оңтүстіктің қызымын.Адамды алып қашып жар қылудан қашан арылар екенбіз? Не деген жабайылық? Қызды өз қалауынан тыс нəрсе жасату мүмкін бе? Мүмкін емес. Жасым жиырма жетіге келсе де, мен өз қалауыммен күйеуге шыққым келеді. Құда түсіп, сырғамды салып алғанын қалаймын.

Өткен айда мен қатты депрессияға түстім. Əп-əдемі болып, жұмысқа барып жүргенмін. Жұмыста бірге істейтін менен үш жас кіші бала жұмыстан соң мені алып кетті. Жылап-сықтап, табалдырығын аттамай қайтып келдім. Құдай оңдап, алып қашып бара жатқан көліктерін полиция тоқтатып, құжаттары қате болып үйіме көлік ұстап кері қайттым. Əрине. Жаман үрейленіп, жүрегім шайлығып қалды. Не істеймін? Көзімді жұмсам, күштеп көлікке сап жатқан балалар көз алдыма келеді.

Әлі күнге содан бері есімді жия алар емеспін.Жаныма біреу жақындап кетсе, қадімгідей үрей пайда болыпты.Күштеп көлікке салардай сезінемін.Қыз алып қашып үйлену дұрыс па? Еріксіз тиген соң, ертең есік көрген атым бар деп амалсыздан көнгенімен, шын бақытты болып кете ала ма?

el24kz




Көрілген: 1271    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.02.2020, 07:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Ақпан, 16:10
    Екі әйел алмаңдар!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30