Отбасы - ошақ қасы

Жақындасып қойған қызым жетінші атадан туыс болып шықты...

  • https://wallpapers.99px.ru/

    https://wallpapers.99px.ru/

Таяуда жүріп жүрген қызым Айнұрды ата-анаммен таныстырдым. Ол ата-анамның бұрынғы тұрған ауылынан болып шықты. Алайда менің әке-шешем оның ата-анасын танымайды екен. Мен осы уақытқа дейін оның руын да сұрамаппын. Бірақ біз рулас екенбіз. Мәселе осы тұста туындады. Осы бір жағдайға қатысты ақыл-кеңес беруді «Алаш айнасы» оқырмандарынан өтініп сұраймын.

 

Мен ата-анам ауылдан Семейге көшіп келген соң туған екем. Бала кезімде әкемнің туған ауылына баратынбыз. Кейіннен әкеммен бірге туған бауырлары ол жақтан көшіп кеткен соң барған емеспін. Сондықтан болар ауылдағы ағайын-туыстарды танымаймын. Кейде ата -анам ауылға той-томалаққа барып-келіп жатады. Бірақ мені қастарына ерткен емес. Негізі біздің үйге ауылдан кісілер жиі келеді. Олардың арасында туған-туыс та, құда-жекжат та, көрші-қолаң да, ауылдастар да болатын. Кісі көп келетіндіктен бе, олардың қайсысы кім екеніне аса мән берген емеспін.

 

Әкем де, анам да сол ауылда туып-өскенмен Айнұрдың ата-анасын танымайтын болып шықты. Сондықтан ауылдастардан олар жайлы сұрастырып білді. Ауылдастардың айтуынша, Айнұрдың әкесі ертерек қайтыс болған. Айнұр бес қыздың кенжесі көрінеді. Анасы Айнұрдан үлкен әпкесінің қолында тұрады екен. Біздің Айнұрмен қай тұстан туысатынымызды ешкім нақты айта алмапты. Сондықтан әкем «Айнұр туыстығымыз жайлы анасынан сұрап білсін» деді. Әкемнің нұсқауымен Айнұр анасына хабарласып, мән жайды сұрапты.

 

Айнұрдың айтуынша, анасы менің әкемді сырттай білетін көрінеді. Арғы атамызды ағайын ретінде таниды екен. Бірақ неше атадан туысатынымызды ол кісі де білмейтін болып шықты. Сондықтан «үлкен кісілерден сұрап білейін» депті. Екі-үш күнен кейін Айнұр анасына қайта хабарласты. Анасының айтуына қарағанда, біз жетінші атадан туысады екенбіз.

 

Бұл хабарды кешке ата-анама айттым. Әкем «олай болса сендерге үйленуге болмайды» деді. Анам менің көңіліме қарады ма, «онда тұрған не бар, жетінші атадан туысатын болса, үйлене беруге болатын шығар, үлкен кісілермен ақылдасайық» деді. «Үйленуге болмайды» деген сөзді күтпеген едім, не дерге білмей қалдым. Ешқашан әкеме қарсы келген емеспін. Әкеме қарсы келу деген қазір де ойымда жоқ. Бірақ...

 

Бірақ бұл мәселені күрделілендіріп тұрған бір жағдай бар. Оны әкеме қалай айтам? Оны естісе әкем не дейді, қандай күйге түседі? Анамның да жүрегін ауыртқым келмейді. Сондықтан сіздердің ақыл-кеңестеріңіз ауадай қажет болып тұр. Түсінікті болу үшін сіздерге мән жайды ашық айтайын.

 

Айнұрмен достасқанымызға екі жыл болды. Осы уақыт аралығында біз бір-бірімізбен ренжісіп көрмеппіз. Қандай қайшы пікір болмасын біз әркез ортақ шешім табамыз. Екі жыл ішінде бір-бірімізге деген сеніміміздің шынай екеніне көз жеткіздік. Кез келген істе біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, көмектесіп отырамыз. Біз бір-бірімізді толықтыра түсеміз. Қазақта «Екі жарты бір бүтін» деген сөз бар ғой. Психологтардың айтуына қарағанда, өмірде кей адамдар өздерінің нағыз екінші жартысын жолықтыра алмай, кездейсоқ отбасы құрып, бақытсыз ғұмыр кешіп жататын көрінеді. Ал, біз бір-біріміздің нағыз екінші жартымыз екенімізге көз жеткіздік. Бірақ жетінші атадан туысатынымызды білген жоқпыз. Сондықтан да, екеуміз үйленеміз деп шешкен соң боп қойдық...

 

Осы жағдайдан кейін мен Айнұрдан қалай бас тартам? Олай етсем Айнұрдың да, өзімнің де бақытыма балта шаппаймын ба? Бәлкім жетінші атадан туысқан адамдарға үйлене беруге болатын шығар? Өмірде ондай жағдайлар да болған деседі ғой. Тек жата сөкпей, тығырықтан шығар жол сілтесеңіздер екен.

 

 

Автор: Ернар, Семей қаласы

alashainasy.kz




Көрілген: 2161    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 17:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана
    29 Наурыз, 12:42
    Баламның әкесі басқа
    12 Наурыз, 16:40
    Қайынағам шаршатты
    11 Наурыз, 11:01
    Мен ұмытқан сөз…
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30