Отбасы - ошақ қасы

Жан құрбымды жолдасыммен бір төсекте көріп, мәңгіріп қалдым

  • Жан құрбымды жолдасыммен бір төсекте көріп, мәңгіріп қалдым

    Жан құрбымды жолдасыммен бір төсекте көріп, мәңгіріп қалдым

  Өмірімді күл –талқанын шығарған сол күнгі болған жәйтті айтып кішкене жеңіл тартпасам, күнен –күнге құрып барамын. Жанбай жатып сөніп бара жатқан сияқтымын. Ішімдегі құса, шер болып қатып барады. Қатыгезденіп барамын. Ешкімге жаным ашымайды. Ештеңе ойлағым келмейді. Меңіреу жан сияқтымын.Жан –дүнием соққы алғаны соншалықты,санамда ештеңе жоқ,бос кеңістік тәрізді.Ешкіммен сөйлескім келмейді.Оңаша қалуды қалаймын. Көзімнен тамшы жас шықпайды. Күрсінсем демімді от қариды. Ащы өксік кептеліп, ағыл-егіл жылай алсамшы.Сол кезде жеңіл тартар ма едім...Ал қазір тірі деген атым болмаса, әлде қашан бұл дүниемен байланысым жоқ сияқты.

Өйткені жан құрбымды жолдасыммен бір төсекте көріп мәңгіріп қалдым.Мен оны жақсы көретінім соншалықты,үйіме келсе қондырып, асты-үстіне түсіп бар дәмдімді алдына қойып бәйек болушы едім. Кішкентайынан бірге өскен құрбыман қиянат көрем деп ойламаппын. Жолдасымның онымен қарым-қатынасын менің жақсы көретін құрбыма деген ықыласы деп қабылдаппын. Ал оның қылымси күлгенін, жолдасымды көрсе өзгеріп сала беретін мінезіне аса қатты мән бере қоймаппын. Оның бәрі болары болған соң санама автоматты түрде өзі кеп тұрып алды. Кино лентасындай сырғып, өткен күндер елесі көз алдымнан өткенде ,соншалықты аңғал болғаныма,ештеңеден күмәнданбаған бейшаралығыма өкіндім.

Түрім де, дене сымбатым да ешкімнен кем емес. Өзіме сенімді болғаным соншалықты,оларды ондайға барады деп ойламаппын да. Жолдасым неге ондайға барды деген сұрақ әлі күнге ойымнан кетпейді. Мені сүйе тұра, не үшін ақ төсегімді таптап,басқа емес құрбымды таңдады? Ал құрбым ше?Басқа адам жоқтай кішкента йынан бірге өскен жан құрбысының жарын адал ниетінен айнытып қойнынан шығуына не итермеледі? Махаббат па?! Жоқ, меніңше екеуі де нәпсінің құлы ғана... Басқа ештеңе емес.

Ал менің өмірім содан кейін күрт өзгерді. Ауыр жан  күйзелісіне түстім. Сұмдық бас ауру болдым. Дәрігерге қаралсам,миыңда ісік бар деп берді. Ол түсінікті де ғой. Депрессияның апарып соғатын соңғы сатысы. Бірақ мен үшін өмірмен күресудің мәні бар ма? Тек балаларым деп қана өмір сүруім керек. Менсіз оларға қиын ғой.Үлкенім бесте, кішкентайым енді ғана екіге аяқ басты...

Гүлжанат

 




Көрілген: 3479    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 20:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30