Отбасы - ошақ қасы

Жігітке алданып, жүкті болып, ата-анамды жерге қараттым

  • © syl.ru

    © syl.ru

Құрметті оқырман, мен жастықпен тағдырдан таяқ жедім. Бәрі өзімнің кінәм, ешкімнен көрмеймін. Бірақ кейде өткенді ойласам, өмірімді қайта бастағым келеді. Әттең, бірақ өткенге өкінгеннен еш пайда жоқ қой. Мен сіздерден кеңес сұрайын деп жазып отырмын. Ары қарай қалай өмір сүрем.


Жасым 18-де. Осыдан екі жыл бұрын ақымақтығымнан екіқабат болып қалдым... Жақсы көрген жігітім бір-ақ күнде тастап кетті. "Бала менікі емес" деп кете барды. Анам мен əкем де білді, үйде айқай-шу болды. Бар ауыртпалық анама түсті, жылап-жылап жүрегі ауырды. баланы алдыртқым келген, бірақ бәрі кеш болды.


Кейін ұл тудым, мамам өзімізге аламыз деді. Үйде 3 қыз болғасын баланы өздері бағатынын айтты. Мен де жарайды дедім, əкесіз өскенше мені өсірген əкем мен анамның қолында өссін дедім...


Бəрі жақсы болған осы күнге дейін, балам осы үйге шуақ əкелді. Сол күлсе бәріміз күлеміз, жыласа жылаймыз Қазір сәбиім 1 жастан асты. Тәп-тәтті балапанның қылығына бәріміз қуанамыз, əкем де соның сөзін сөйлейді.


Осыдан 1 аптадай бұрын əкем мен анам ұрсысып қалды. Мамам маған "Сенің кесіріңнен ұрсысып қалдық, жолдан бала тауып нең бар еді. Енді әкең маған осыны өмір бойы бетіме басатын болды", деді.


Осы сөзден кейін өзімді қоярға жер таппадым. Отырып ойландым, бəрі менің кесірімнен болса, баланы алып кетейін... Бізді көрмесе, көзіне күйік болмасақ, мамама да ондай сөздерді айтпайтын шығар.


Қалай ойлайсыздар, кеткенім дұрыс па? Тағы сұрайын дегенім, Шымкенте аналар үйінің адресін кім біледі?




Аноним


 




Көрілген: 2969    Пікірлер: 0

жұма, 19.07.2019, 10:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31