Отбасы - ошақ қасы

Жігітімнің бірінші әйелі үйленуімізге рұқсат беріп отыр

  • Жігітімнің бірінші әйелі үйленуімізге рұқсат беріп отыр

    Жігітімнің бірінші әйелі үйленуімізге рұқсат беріп отыр

 Саламатсыздар ма, құрметті окырмандар!. Маған сіздердің көмектеріңіз керек болып тұр. Өз пікірлеріңізді білдіріңіздерші. Мен бұрын тұрмыста болғанмын. Ол кезде тіл табыса алмай алты ай тұрып ажырастым. Енді қазір бір жігітпен жүріп жүрмін.


Өзім 23-темін, ал жігіт менен 17 жас үлкен. Бала-шағасы бар, маған екінші әйелім бол, үйленейік деді. Әйелі жақында менің жұмыс орныма келіп, мені көріп, танысып кетті. Сөйлестік, барлығын түсініп, біздің үйленуімізге рұқсат берді.


Менің анам жігітімнің бар екенін білетін. Ол жақында жігітімнің бала-шағасы бар екенін білгенде онымен араласуыма  үзілді-кесілді қарсы болды. Оған екінші әйел болуға рұқсат бермеймін деп кесіп айтты. Анам қатал адам, енді қазір ол маған жігіт туралы ешнәрсе айтқызбайды, айтуға қорқам.


Жақында сүйіктім үй әперді, бірақ үйді атыма жаздырмадым, анамның рұқсатынсыз еш сыйлығыңды қабылдай алмаймын дедім. Машинаға да қарсы болдым. Қазір мен жұмысыма тіке барып, қайтамын. Үйден анам көп шығармайды. Жігітпен тек телефон арқылы хабарласам. Ақыл қосыңыздаршы, анамды калай көндірсем болады. Мен ол жігітті қатты жақсы көремін.


Аноним




Көрілген: 2591    Пікірлер: 0

жұма, 17.05.2019, 09:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30