Отбасы - ошақ қасы

Жігітіңіз көзіңізге шөп салмасын десеңіз …

  • Жігітіңіз көзіңізге шөп салмасын десеңіз …

    Жігітіңіз көзіңізге шөп салмасын десеңіз …

Отбасы болып, тату-тәтті өмір сүрген күннің өзінде кез-келген әйел адамын алаңдататын сұрақ : «Күйеуім көзіме шөп салмайды ма екен?» Тіптен, жолдасынан жат қылық байқамаса да, естіген құлақ бар, көрген көз бар, санаға түрлі ой салары анық. Әрине, «отағасы», «әкесі» деп көрсететін атпалдай азаматтар да жоқ емес. Дегенмен, демеске болмас, сақтансаң-сақтайды. Жолдасыңыз көзіңізге шөп салмас үшін&hellip Не істеу керек?
Махаббаттың орны бөлек, десе де, арадағы сыйластық, құрмет- отбасыны сақтап қалатын ең бағалы қасиеттер. Сондықтан, әркез жолдасыңыздың қателіктеріне түсініспеушілікпен қарай біліңіз. Ол сіздің
қолдауыңызға мұқтаж. Оны тыңдап, қарсы шықпаңыз, ер адамдар өзінің айтқанын тыңдата білгенді ұнатады. Егер де арада түсініспеушіліктер орнап жатса, сабырға келгеннен кейін ақырындап түсіндірсеңіз болады.


«Жақсы сөз жарым ырыс». «Жылы -жылы сөйлесең жылан інінен шығады». Осыны ұмытпаңыз. Жақсы сөз, мейірім жанды жадыратады. Балаларыңыз да осыны ұғынып өскені жөн. «Әке, тезірек кел», «мен сені жақсы көремін» деген сөздер, бар ерлер қауымын үйге асыға жеткізетіні рас. Балаларды ғана емес, сізді де көруге асыққанын қалайсыз&hellipТек жан сұлулығына ғана емес, тән сұлулығына да мән беріңіз. Қашан да сұлу, көрікті болып жүруге тырысыңыз. Имиджіңізді өзгертуден қорықпаңыз. Керісінше, жолдасыңыз сізді жоғалтып алудан қорқуы керек. Бірқалыпты болудан аулақ болыңыз! Көп еркектер әйелін «жақсы көрмегеннен» көзіне шөп салмайды, көбінесе оларды бірқалыпты кейіп шаршатып жібереді.

Үйдің жинақы, сәнді болып тұрғаны кім-кімге болмасын ұнайтыны рас. Ер адамның жүрегіне тамақ арқылы да жол табуға болады. «Ас адамның арқауы». Күнде әртүрлі тағам дайындауға тырысыңыз. Ең бастысы, үй жылулығы. Үйі таза, тамағы дайын, әйелі сұлу, балалары тәрбиелі болып отырса қандай еркектің болмасын көңілі жайдары. Ал сіз өзіңізге сенімді болыңыз, сіздің қолыңыздан келеді!
anabol.kz




Көрілген: 3564    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 19:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын
    17 Қаңтар, 14:07
    Ойнап жүріп от бастым
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31