Отбасы - ошақ қасы

Жылатпаймын деп уәде берді

  • Жылатпаймын деп уәде берді

    Жылатпаймын деп уәде берді

 Мен 17 жасар қыз баламын. Алла қаласа биыл 18ге толамын. Басымнан көп жағдай өтті. Кішкентайымнан тым ерке едім.2 әпкем бар. Арамыз 9-10 жас. Үлкен әпкем ауылда әжеммен атамның қолында өскен. Екіншісімен бірге өстік. Анам сол қыздардын ішінде мені  тым қатты еркелететін. Содан тағдырдың сынағыма, анам 12 жасымда мына дүниеден өтті. Тым ауыр болды. Әкем басқаға үйленіп, сол әйелімен әлек болды, әпкелерім маған қарамады да.

   Содан менде ойыма келгенін істедім. Білемін дұрыс еместігін. 14 жасымнан жігітпен жүрдім. Ол кезде екінші әпкем үйден кетіп қалған еді, әкеммен сыйыспай. Үлкен әпкем ауылда тұрмыста еді. Содан менде сыйыспай, үлкен әпкемнін үйіне келдім. Сол жігіт менің артымнан туған күніме келді. Ол ауыл тым алыс еді қаладан. Содан екеуміздің арамыз суып, айырылысып кеттік. Себебі тек телефонмен сөйлесіп жүрген едік. Екеуміз айырылысқаннан кейін ол басқа қызбен жүріп, сол қызды үйіне кіргізіпті. Екеуі сосын жараспай қалыпты. Ол қызға қол көтеріпті. Мен сол кезде қалада едім. Маған хабарласып жүрді. Екеуміз қайтадан жүріп кеттік.

   Солай мен 16 жасымда қыздығымнан айырылдым. Өзім әкеммен тұратын едім, әйелі мені жақтырмады. Ал ана жігіт тастамаймын деді. Екеуміз жиі ұрысатын болдық. Мен өр көкіректі болатынмын. Бірдеңе болса айырылысамыз дейтінмін. Ал ол жылап маған жалынатын. Содан бір күні үйіме келіп пышақ алып өлем деді. Үйде ешкім жоқ еді. Содан әкем біліп қойып, киімдеріммен бірге жігіттің үйне әкеп тастады. Солай екеуміз тұрдық. Маған қол көтере бастады, түнде кетіп қалатын достарымен. Өзімнен де бар кінә әрине. Солай мен үйден кетіп қалып, өз күнімді өзім көрдім. Аш болған күндерім болды. Оқуға тапсырдым. Степендия аламын Аллаға шүкір. Кейін әкем басқа әйелге үйленді. Анама қатты ұқсайды. Әкем кешірім сұрап, қазір әкеммен тұрамын. Енді сол бұрынғы жігітім бәрін қайтадан бастайық дейді. Бір жағынан өзіміз жақсы тұрамыз, ылғи менен ақша сұрайтын. Ақша үшінбе деп ойлаймын. Бір жағынан басқа біреуге шықсам бетіме басады ғой. Ол жігіт өзі армияда. Өкінем дейді. Тіпті марқұм әкесінің атымен ант су ішті жылатпаймын деп. Өтінем маған кеңес беріңіздерші 




Көрілген: 6001    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.06.2021, 09:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...
    9 Қыркүйек, 01:14
    Қайынағам қырындап жүр
    25 Шілде, 23:38
    Көгілдір көзді қыз
    18 Шілде, 00:13
    Енем мезі етті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31