Отбасы - ошақ қасы

Қандай адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратыны анықталды

  • Қандай адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратыны анықталды

    Қандай адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратыны анықталды

Зерттеушілер адамның опасыздық жасауға бейім екенін көрсететін факторларды атап көрсетті


Квинсленд университетінің ғалымдары импульсивті, сондай-ақ төсектес серігі көп болған адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратынын анықтады, деп жазады The Independent.


Басылымның атап өтуінше, ер адам мен әйелдің арасындағы әрбір қарым-қатынас бірегей, дегенмен адамның опасыздық жасауға бейім екенін көрсететін белгілі бір факторлар бар.


Британдық психология журналында жарық көрген зерттеу қорытындысы бойынша импульсивті адамдар көп ойланып-толғанбайды, эмоцияға беріліп кетіп, көзге шөп салуы мүмкін.


Сондай-ақ, зерттеушілердің айтуынша, өткен өмірінде төсектес серігі көп болған адам сүйіктісіне адалдық танытпай, басқаға көз сүзуі мүмкін.


Бұдан бөлек, ғалымдар көзге шөп салудың басты себептері ретінде арадағы қарым-қатынасқа көңіл толмаушылық пен араның суып кетуін айтып отыр. Зерттеу көрсеткендей, қарым-қатынас ұзақтығының ер мен әйелдің бір-біріне адалдығына әсері аз.


Бұған дейін мамандар арнайы зерттеу жүргізіп, адамдардың қандай жаста көзге шөп салуға бейім келетінін анықтаған еді. Ғалымдардың пікірінше, 29,39 және 49 жас мейлінше қауіпті екен.


sputniknews.kz


 




Көрілген: 3512    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.04.2019, 23:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31