Қай жігітті таңдағаным дұрыс...

Қай жігітті таңдағаным дұрыс...

Сәлеметсіздер ме! Мұнда біреу қуанышын бөліссе, біреу қайғысын айтып жеңілдейді. Мен де осы сайттың оқырмандарынан, әпкелерден кеңес сұрамақпын.

 

Жасым 23-те, тұрақты жұмысым бар. Ата-анам ештеңеден таршылық көрсетпей өсірді, Аллаға шүкір. Осыған дейін 3 жыл жарым бір жігітпен жүрдім, жақсы көрдім, үйленеміз деп екі жақпен де таныстық. Бірақ соңғы уақытта оның басқа қыздармен сөйлесіп жүргенін білдім, кешірдім бәрін қояр дедім... Бірақ түзелмеді ішіп, достарымен қаңғуды шығарды, мен танымайтындай өзгеріп кетті.

 

Біз жақындасып қойғанбыз. Ол маған "сен қайда барасың үйдегілеріңмен танысып қойдық, сен менікісің" деп айтып жүрді. Сезімім суып кетсе де сол үшін, өзімнің күнәмді өзім көтеремін шыдаймын деп жүрдім, оның жағдайы бізге қарағанда төмендеу тұрақты жұмысы да болмады, мамаларым жақсы жұмыстар ұсынып еді, істегісі келмеді!

 

Мен осыдан 3 ай бұрын шешім қабылдап, одан кетіп қалдым, анама түсіндіріп айттым, жеңешем басынан қарсы болған ол баланы жақтыртпады мүлде! Қазір қайта мазалап жүр сен кетпеші бәрін жасаймын' енді түсіндім қадіріңді дейді! Бауыр басып қалыппын, көргенде қиналамын, тек бүкіл жігітке деген сезімім мен сенімімді сол алып кеткендей!

 

Сіздерден сұрайын дегенім қазір бір бала сөз салып жүр үйленуге, жұмысы, үйі бар отбасы жақсы. Мені жақсы көретінін сезем. Жеңгем де жақсы бала деп қоймайды. Менің өмірім жайлы барлығын біледі. Маған ештеңе маңызды емес, тек қасымда болшы деп жүр! Менде оған деген сыйластықтан басқа сезім жоқ, ішім жылымай-ак қойды, жақсы көре алмайтын секілдімін. Жеңгем сен оның түріне қарап менсінбей жүрсің ғой, өзің түзеп аласың, үйреніп кетесің дейді. Өзіңді сүйгенге шық дейді, білмеймін, ойланып басым қатты, тұрмысқа шыққаннан кейін жақсы көріп кету мүмкін бе? Өкінгім келмейді.

 

Сіздерден кеңес күтемін!

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста