Отбасы - ошақ қасы

Қайным мен сіңілім бүлдірді...

  • © medikforum.ru

    © medikforum.ru

Сәлеметсіздер ме қымбатты оқырман! Көп созбай бірден мәселеме көшейін. Мендегі мәселе мынау. Қайным сіңліме ғашық, екеуі бір-бірін жақсы көреді екен, кездесіп жүргендеріне 1 жылдай болып калған, ешбіреуіміз білмейміз ең өкініштісі.


Кенже сіңілім болғандықтан бізге әлі бала секілді ғой. Қайным куйеуімнің әкесінің туған інісінің баласы, яғни ағайындылардың балалары менің күйеуім екеуі.


Ендігі мәселе екеуі түсінесіздер ме, бүлдіріп қойған. Айтуға ауызым бармайды. Туған сіңлім өзіме келін мен оған абысын боламын егер олар үйленген жағдайда.


Сіңілім көтеріп қалыпты. Ол жасанды түсік жасатамын деп тулап отыр, жасы 21-де. Әзірге тұрмысқа шыға алмаймын, 3-4 жылдан кейін сол жігітке тұрмысқа шығамын дейді. Өзінше жұмысын істеп жүре тұрмақ.


Жігіт білмейді көтеріп қойғанын, оған айтпаймын дейді. Абортқа келіспей мен отырмын. Бірақ қайын ағам құда бола ма, арамызда бұдан кейін қандай қатынас қалыптасады, қалай құдаласады мені сол ойландырады. Бәрін қойшы, ата-анамызға қалай айтамыз, мұндайды қалай айтуға болады.


Үлкендер жағы болса ақыл-кеңес жазсаныздар екен. Қысқасы түсінген жандар болса кеңес беріңіздерші, не істерімді білмей жазып отырмын. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалдым.




Аноним  




Көрілген: 8905    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 10:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31