Отбасы - ошақ қасы

Келінді еркелетем деп, есіртіп алдым: ененің жанайқайы

  • © Womancosmo.ru

    © Womancosmo.ru

Көкшетауда келінінен қорлық көрген әйел жанайқайын жеткізді. Ол үлкен ұлының келіншегін қызындай көрмек болып, әбден еркелетіп жіберген. Бүгінде ол осы қылығы үшін опық жеуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Өзін Нұрсұлу (аты кейіпкердің қалауы бойынша өзгертілді) деп таныстырған орта ағы әйел келінінен қызық көрмейтінін сөз етті. Мұның бәріне ол өзін кінәлап отыр. Себебі, үйге аяқ басқан келініне бірден жылы қабақ танытқан.


"Үш ұлым бар. Өмір бойы қызым болса деп армандадым. Алайда, құдай маған қыз берген жоқ. Сондықтан, келін алсам, қызымдай көремін деп жиі айтатынмын. Үлкен ұлым үйленемін дегенде қатты қуандым. Оның үстіне, өзге емес, қазақылықты әбден бойына сіңірген оңтүстіктің қызымен көңіл қосты. Келінім шаруаға пысық, тамақты да дәмді дайындайды. Бірақ өзімнің жалпақшешейлігімнен оны әбден мойныма шығарып алдым", - дейді ол.


Нұрсулдың айтуынша, ол келініне бірінші күннен-ақ еркіндік беріп қойған.


"Алғаш келін болып түскенде-ақ оған бар жағдайды өзім жасадым. Таңертең ұйқыдан тұрғызбай, шайды да өзім құйып, іше беретінмін. Мүмкін, өмір бойы осы тірліктер өз мойнымда болған соң ерсі көрмеген шығармын. Сәлем салу о бастан біздің жақтың салтында жоқ. Орамал мен ұзын халат кигізу де ойымда болмапты. Оған қалаған киімінде жүруге рұқсат еттім. Осының бәрі дұрыс емес екен. Келінді тым қатты, қатал тәрбиелеу керек демеймін. Бірақ бәрі өз ретімен болғаны дұрыстығына енді көзім жетті", - деп мұңын шақты кейіпкер.


Келініне сөзі өтпеген әйел адам бармағын тістеп қалған. О баста дәуренін жүргізіп, келінін тәрбиелемеген ене бүгінде барша аналарға қаттырақ болуға кеңес берген.


"Әбден еркелікке салынған келінім бүгінде әбден басынды. Үйдің шаруасына атүсті қарайды, тамақты көңілі соққанда ғана пісіреді. Үйде қысқа шолақ шалбар, жеңіл жейдемен жүре береді. Мұның бәріне басында мән бермеген едім, кейін көңіліме тие бастады. Қанша рет ескерту жасасам да, келін құлағына ілмейді. Ал ұлым үшін мұның бәрі қалыпты жағдай. Сондықтан, тәрбиені уысымнан шығарып алған өзім бәріне кінәлімін", - деген Нұрсұлу қазақ аналарын тым бос болмай, бәріне өз ретімен қарауды шақырды.


Ал Сіз келінді тым қатты ұстауға қалай қарайсыз? 




Көрілген: 3067    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.05.2019, 22:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31