Келінім інімді қасына жуытпай жүр...

17 шілде 2021, 15:41

Біздің отбасымызда 5 кыз 2 бала. Мен бесінші қызбын, 4 әпкем де, өзім де тұрмыстамын. Бесеуміз де балалы -шағалымыз. Менің жасым 24-те, 3 балам бар. 2 інімнің үлкені 21-де, уйлендіргенімізге 5 ай болды. Келіншегі 20-да.

Менің айтайын деп отырғаным осы інім мен келінім жайлы. Келінім жақсы, иіліп сәлемін салып тұрады. Екеуінің арасы жақсы болатын, бір-бірін сүйіп қосылды. Мен інім мен келініме жақын әпшесімін. Кеше екеуінің ұрысқанын көріп журегім ауырды.

Олар бір төсекте жатқанмен, төсек қатынасы деген болмайды екен. Ұрыстың бәрі осыдан шыққан. Келінімнен сұрасам алғашқы түннен коркып қалдым, коркып журмін дейді. Інім "мен еркекпін" деп ашуланады. Келінге дөрекі сөйлейді.

Өзі департаментте бас маман, кешке жұмыстан келіп достарымен кетіп қалады екен. Інімдікі де дұрыс емес, білемін. Алайда, келінімдікі де дұрыс емес деп ойлаймын. Мамам қынжылып маған жылады. Келіннің анасына айтып араға кір тусіргісі келмей отыр. Мен араласпаймын десем екеуінің ажырасып кететін түрі бар. Аралары суып бара жатыр.
 
Анам азаннан кешке дейн ательеде, папам да сонда жүреді. Үйіміз үлкен, жер үй, қалада. Ішінің бәрі еурожөндеуден өткен, ыстық су бар. Азаннан кешке дейін келін жалғыз өзі үйде болады, еркін жүріп тұрады. Баратын жеріне барып келеді.

Інім ішпейді, шекпейді, артық жүрісі жоқ. Соңғы кезде келінге ерегісіп балалармен түнде жүруді шығарыпты. Футбол ойнайды екен. Келінім соған ренжейді. Ініме ұрыссам, мен әдейі істеп журмін дейді, менің алдымдағы әйелдік міндетін орындасын дейді.

Басым қатып кетті. Екеуі де жас. Келінім өте тұйық. Ашылып енесіне де сыр айтпайды екен.

Ой қосыңыздаршы.

Араласпайын десем болмайтын түрі бар, ақыл айтқаным дұрыс деп ойлаймын. Келінімді жақтаймын. Себебі жақсы көремін. Осындай жас келіңдер бар ма екен. Төсек катынасынан коркып қашқан. Келінім сонда бала сүйгісі келмей ме, тусінбедім.


Аноним