Отбасы - ошақ қасы

Кеткен еркекті зарығып күтпеңіздер, қыздар!

  • Кеткен еркекті зарығып күтпеңіздер, қыздар!

    Кеткен еркекті зарығып күтпеңіздер, қыздар!

 Сәлеметсіздер ме,  құрметті оқырман! Осы сайтта талай келіншектердің күйеулері тастап кеткенін айтып, мұңын шағып отыратынын байқажым.  Дәл осындай жағдай менің де басымнан өткен. Көпшілікке ой салар деп жазып отырмын. 


Осыдан 8 жыл бұрын мені де күйеуім қолымдағы ер баламмен тастап кете барды. Бізден кеткен соң 3 айдан соң басқа адамға үйленіп кетті.

Әрине, мен де қатты қиналдым. Бірақ бір құдайға тапсырдым деп көндім. Алиментке бермедім. 

Әкем мен анам балам екеумізді өздері қарап, қолдап, көмектесті. 2 жылдан кейін әкем дүниеден озды, одан бетер қатты қиналдым. 

Өзім қиын жұмыстар ісодан бетереуіме тура келді. Қыста аяғыма су өтіп шелекпен қардың суында тазаладым. Баламды бағу үшін бәріне одан бетерөздім. Сенсеңіздер,  мен ақымақ сонда да күйеуімді күттім,  тек.5 жылдан кейін күйеуім хабарласты. Әлгі әйелімен ажырасыпты. Мен жынды соны кешіріп, қайта баратын болдым. Ол менің үйіме  кешірім сұрап келетін болып келістік. Содан қайтадан хабарсыз, жоқ болып кетті. Сөйтсем, ол маған өтірік айтып, 3-ші әйел алыпты. Бірақ ақыр соңында одан да ажырасып тынды. 

Мен ақымақ содан кейін көзім ашылды, оның қандай адам екенін ұғындым. Бірақ құдай куә ғой, ана 2 әйелі де менен кешірім сұрап өздері талай хабарласты. Солай жаңағы 5 жылдан кейін мен қайтадан есімді жинап, басқа алыс жаққа жұмысқа орналастым. Ол өте қиын жұмыс, бірақ ақшасы жақсы еді. Анам, балам, бауырларым үшін сондай жұмыс істеуге тура келді. Солай сол жұмыста 2 жыл істеп жүргенімде бір жақсы адамды кезіктірдім. Сол адамға баламмен ұзатылып, тұрмысқа шықтым. Екі жақта той болды.  Қазір бақыттымын, шүкір Алла деймін. Аяғым ауыр, бөпемді асыға күтіп жүрмін. Бұынғы жолдасым той жасаған емес. Бір Алланың көзі түзу болсын, қыз-келіншктерге айтарым, қадірді түсінбейтін, бағаламайтын, өзгеге оңай айырбастап кете баратын еркектерді күтпегендеріңіз абзал. 

 




Көрілген: 1471    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.05.2019, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31