Отбасы - ошақ қасы

Кейде ішімдікке сылқия тойып, бір еркектің құшағына кіріп кеткім келеді

  • Кейде ішімдікке сылқия тойып, бір еркектің құшағына кіріп кеткім келеді

    Кейде ішімдікке сылқия тойып, бір еркектің құшағына кіріп кеткім келеді

 Алматыда жүрген бір таксист мына әңгімесін Instagram—да жайып салды.
Ол таксистер тұратын жерде әдеттегідей клиент күтіп тұрған екен. Бір кезде артқы есікті ашқан бір әйел «боссыз ба, вокзалға апарасыз ба», деп сұрапты. Таксист келіскен. Әлгі әйел пойыз күтіп алып, одан бір құжат алуы керектігін айтқан.

Таксист жолшыбай «әйелді әңгімеге тарпақ болдым, бірақ қойған сұрақтарыма жауап қатпай, қатайып отырды», дейді. Сөйтсе, әйел уақыттан шатасып, бұлар вокзалға пойыз келетін уақыттан 1 сағатқа ерте келіп алыпты.

Міне, күтіп отырмыз. 15 минуттық үнсіздіктен кейін әңгімесін өзі бастады, дейді жазба авторы:

— Сіз мені ешкіммен сөйлеспейтін «вредный қатын» деп ойлаған шығарсыз? Мен ондай емеспін. Просто жұмыста бәрі миымды жейді, шаршадым. Үйге келсем – анам миды тағы ашытады, сіңліммен де сөйлесуім керек, осылайша түн батып жатар уақыттың қалай келіп қалғанын да байқамаймын.

Мен оның дәл бұлай бүкіл өмірін жайып салғанына таң қалдым:

— Күйеуіңіз жоқ па? Балаларыңыз бар шығар?

— Ойбай, Құдай-ау! Қайдағы күйеу, қайдағы бала? Өмір бойы жұмыстан қолым босамайды. Сосын бітпейтін үйдің тірлігі, содан сағат 11 болады. Курстас қыздарыма қараймын, тең жартысы бір ажырасып, екінші-үшінші күйеулерін тапқан. Ал мен әлі жұмыстан босамай жүрмін.

Бір жымиып қойды-ау, әйтеуір.

— Жап-жассыз. Әдемі екенсіз. Кешіріңіз мұндай сұрағыма, сонда тіпті жігітіңіз де жоқ па?
— Ештеңе етпейді. Мұндай сұрақтарға құлағым әбден үйренген. Бала кезімде әкем айтатын, өз тағдырыңды шындап күтуің керек, көлденең кездескен біреумен қаша жөнелме деген. Шыда, күт деп еді… Міне, күтіп жүрмін, 33-ке толдым ендігі…

— Отыз үш дейсіз бе? Шын ба? Мен сізге ары кетсе 28 жас берер едім. Бөтен адаммын ғой, бөтен көзге солай көрінесіз.

— Білесіз бе, кейде құрсыншы деп ішімдікке сылқия тойып, кез-келген бір еркектің құшағына кіріп кеткім келеді… Бірақ мен тым жауаптымын ғой. Темекі шекпеймін, арақ ішпеймін, жігіттермен ырбыңдаспаймын. Әлі пәкпін. Былай қарасаңыз, ар-абыройым «идеальный», егер банктер осындай талап қойса, маған ең үлкен соманың кредитін берер еді.

(Бұл жерде екеуміз бірге күлдік)

— Сол үшін тағы да кешіріңіз мені. Мен әлі ешқашан ешбір еркекпен кездеспедім. Сенсеңіз, сенбесеңіз де өз еркіңіз. Қызбын әлі! Өзімнің нағыз тағдырымды шындап күтем деп шештім, бірақ ол жоқ әлі…

Үлкен үнсіздік…

— Бұрын жігіттерге қарайтынмын. Бірақ олар көбінесе ұятсыздау, мәдениетсіздеу, наглый, грубый болып келетін. Кейін қарасам бәрі үйленіп кетті, ал мен жұмысқа басыммен кіріп кеттім. Менің адал еңбегім жұмыста байқалып, бөлімге басшы етті. Содан бері қара таңнан кешке дейін жұмыстамын. Енді мен еркектен қорқамын. Күйеуім кәдімгі көп сүмелектің бірі болып шығып, «өмір бойы күтіп жүріп тапқаны мынау ма», елдің сыртымнан өсектейтіні анық қой. Керек емес. Қорқамын. Сондай тағдырдан қорқамын.

— Иә, ақылды әйел сияқтысыз. Бірақ өміріңіздің осылай өтіп кететінін ұқпайсыз ба?

— Білесіз бе? Мен Сізден басқа ешкіммен әлі бұлай тым ашық сөйлеспеп едім. Рахмет сізге, іштегі бар запыран-сырымды ақтаруға мүмкіндік бергеніңізге. Е, міне, пойыздың келетін уақыты болды…

Ол бір құжаттарын алды да, қайтар жолда телефонмен сөйлесуден қолы босамады. Ақшамды толығымен төлеп, түсіп қалды. Кетіп қалды…

 

 




Көрілген: 7087    Пікірлер: 0

жұма, 03.01.2020, 12:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31