Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Кейін сүйіп кете аламын ба?

06 наурыз 2019, 08:44

Сәлеметсіздер ме, қыз келіншектер! Жасым 21-де.Биыл оқуым бітеді. Маған өткен күзде бір жігіттің туыстары құда түсіп келді. Үйдегілер әлі жас,оқуы бар деп оларды қайтаырп жіберді. Содан кейін онымен кездесіп жүрмін.Бірақ жақсы көріп кете алмадым. Қазірге дейін оған деген сезімім жоқ. Бір-бірімізбен, отбасылырымыз аралысып тұрады, құда болып келеміз олармен.

Ендігі сұрақ, жақсы көрмеймін мен оны, ал ол мені қатты жақсы көреді, бәрібір саған үйленем дейді. Ақырын да, қатты да айтып түсіндірдім. Жақсы көрмеймін деп қанша айтсам да қоймайды, соңымнан қаламайды. Уақыт өтуде, көктемде тагы жіберем ата-анамды құда түсуге,,жазда үйленеміз дейді.
Табысы да жақсы, ақшалай да маған керегінше беріп, оқуыма қөмектеседі, көңіліме қарайды, әке-шешесі де жақсы адамдар, келінім деп жаңа жылда әжесі, шешесі хабарласып, құттықтады да. Олар мені келін еткілері келеді. Ал мен балаға көңіл қоя алмадым.Не істесем болады? Оған турмысқа шықсам, кейін өкініп қалмаймын ба? Кімнің басынын өткен осындай жағдай? Кеңестеріңізді айта кетсеңіздер. Алдын ала рахмет!