Отбасы - ошақ қасы

Көңілдесімен үстап алған күйеуімді не істеймін

  • https://www.iravunk.com/

    https://www.iravunk.com/

Құрметті оқырмандар! Мен өз басымнан өткен оқиғаны айтып берейін.Жасым 40-та, екі ұл, бір қызым бар. Күйеуіміз екеуміз де жұмыс жасаймыз. Кейбіреулеріңіз сенерсіздер, кейбіреулеріңіз сенбейсіздер.

 

Осыдан екі жыл бұрын күйеуімнің бір әйелмен жүріп жүргенін естідім, басында сенген жоқ едім, басыма жай түскендей болды.Содан не керек артына адам салдырттым.Сөйтсем шынымен соләйелмен жүреді екен. Ол әйел өзі менімен бірге жұмыс жасайтын болып шықты, ажырасқан, баласы бар екен.

 

Мен түнгі кезекке жұмысқа кеткенде күйеуім соған баратын көрінеді.Екінші ұлым əскерде, қызымды анамнын үйіне жібердім жаздық демалыста, үлкен ұлым қалада болатын. Ол əйелге барып: "сен менің күйеуіммен жүреді екенсің ғой. Сен кім едің соншама" деп шу шығардым. Ол болса шімірікпестен "дәлелің бар ма" дейді.

 

Міндетті түрде дәлелдеймін дедім. Сол кезде күйеуім іссапарда жүрген. Мен оған хабарласып, жұмыстағы қыздармен бірге көлге баратынымды айттым. Бірақ мен көлге барған жоқпын, киім-кешектерімді жинап апайымның үйіне барып бірнеше күн сонда болдым. Жұмыстағыларга да көлге кеттім дедім.

 

Ол бірнеше рет звондады, телефонды өшіріп тастадым. Сосын кешке жақын түн батқан соң апайымды ертіп өз үй жағыма барып күйеуімнің үйден шыққанын күттім, екі күн бойы андыдым. Әлі ол әйелге барған жоқ.

 

Сонымен үшінші күні не керек, апайыма айттым кеттік тағы андиық деп, ол болды бармаймын, өтірік ел-жұрт айта береді күйеуің ондай опасыздыққа барады деп ойламаймын деп сенбей қойды. Бармасаң қой деп киініп шығып кеттім. Сосын сол әйел тұратын үйдің алдында тығылып жүрдімғ қарама-қарсы подъезд болатын, соған кіріп отырдым, түнгі бір болды. Жарықтың бəрі өшірулі.

 

Бір кезде сол әйел тұратын үйге күйеуім кірді. Бірден бармадым.  Жарты сағаттан соң кірдім, есікті тақылдатып едім ана қатын ашты. Баса көктеп кіріп ана қатынды бетінен бірақ тырнап подъезге бірақ сүйредім, бүкіл үйді басыма көшіріп, міне саған дəлел деп быт-шытын шығардым. Арғы жақ бөлмеден күйеуім шығып келеді, бізді əрең тоқтатты. Ана катынның шашын жұлып, қолына бердім. Сосын апайымды шақырдым, міне куйеу балаларыңыз қандай тірлік жасап жүр, маған сенбеп едіңіздер келіп өз көзіңмен көр дедім.

 

Апайым уйді басына көтеріп айғайлады. Анау әйел "сені күйеуің жақсы көрмейді" деп əңгіме айтты. Ал күйеуім: "мен өз əйелімді жақсы көремін" дедеді де соңымнан еріп үйге келді. Үйге келген соң тағы айғай шу.

 

Ертесінде жұмысқа бардым, ана әйелдің бетінен түк жоқ, бейшара бастығыма барып мен шу шығарды деп айтыпты. Мен оның отбасымның шырқын бұзғанын жайып салдым. Ол әйел менің күйеуімді дуалап алыпты деп естідім. Бірақ өзінің істегені алдынан шықты. қазір ол ауруханада жатыр. Басында ісік пайда болыпты. Ал күйеуім қазір үйден шықпайды.Бірақ әлі де тығылып сол әйелмен сөйлесетін сияқты. біздің арамыздағы жанжалды балалар да сезіп қалды. Ұлым әскерден келген, әзірге ол ештеңеден хабарсыз. Жақында аяғым ауыр екенін білдім. Күйеуімді іштей әлі кешірмедім. Ары қарай қалай өмір сүретінімді білмеймін.

 

Аноним

alashainasy.kz/

 




Көрілген: 1844    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 21:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31