Отбасы - ошақ қасы

Құшағында жылынып, үнсіз ғана қасында отырмағаныма жыл-он екі ай болады

  • https://classpic.ru/

    https://classpic.ru/

Жазушының жаңа әңгімесі

 

Жазушының жүзін көрмегеніме жақында жыл-он екі ай болады. Биылғы қаңтардың сыңғырлаған аязды күнінен бері көрмеппін.

 

Мейірімі төгіліп тұратын жанарларын көрмегеніме. Жып-жылы демін сезіп, құшағында жылынып, үнсіз ғана қасында отырмағаныма. Күлімсірегенде көздерінің айналасында пайда болып кететін ұсақ-ұсақ әжімдерінен аялай сипап қана отырмағаныма..

 

Өзіне жарасып-ақ тұратын сәл ғана ақ шалған сақал-мұртын кейде сыпырып тастаймын деп өзінен-өзі өзгеріп бұлдана қалса, онысынан айнытып отырмағаныма..

 

Жыл толады..

 

Жазушыны күнде көремін..

 

Монитордың арғы жағынан. Жансыз, немқұрайлы әйнектің арғы жағынан маған мүлдем бөтен болып кеткен бейнеге қарап әңгімесін тыңдай бастаймын да, шыдамай жаба саламын...

 

 

***

 

Жақында жазушы әңгіме жазыпты.

 

Әңгімесінің сюжеті ерекше екен...

 

Өз қызының үйі тұрса да қашып шатырды мекендейді екен әңгіменің кейіпкері, әлгі байғұс әйел.

 

Қазақ әдебиетінде бұрын соңды болмаған құбылыс қой бұл деп құрақ ұшты жақын арада ашылған телеканалдың бағдарламасын жүргізуші кісі. Осы бағдарламаның қонағы болып отыр екен жазушым.

 

Әңгімедегі кейіпкер жігіт сол жаңағы әйелге көмектескен сыңай танытып, ақырында одан құтылғанына қуанады. Өзін жақтырмаған үйден кеткісі келген әйел де оның үйінен тезірек кетуге асығады. Ол да сезеді ғой, кім шынайы, кім жанашыр кейіпінде жүргенін. Қиындықты көп көрген жан тым сезімтал болады емес пе. Адамдардан жырақта жүргенді жөн көреді. Өкініштісі, әлсіз, рухсыз жан, жүйкесі сыр беріп ауруханаға түседі.

 

Осы әңгімені талқылап отырғандарды тыңдап біртүрлі ойға келдім. Сол әйелдің орнына өзімді қойып көрдім. Ол екіжүзділіктен, мүсіркеуден алыс болғысы келген ғой. Қейде, қиын бір сәттерде жоқ болып кеткісі келеді көбіне адам. Ішінен тынады. Немесе айдалаға безіп кетеді. Мен секілді. Немесе шатырға тығылып қалады...

 

"Ойбүүй! Жатыры қағынған ғой, ойына келгенді істеп жүр" - түгелдей қоғамның "ақ пальто" киіп алып, бейшара кейіпке түскен деп мүсіркеуі. Тұла бойы комплекске шалдыққан опасыз қоғамның...

 

Өзімнің басымнан өткенді, жауыздықпен бетпе-бет келіп, сонда да мойымай, қасқайып жүргенімді ойладым.

 

Жазушыға бір сәтке әлсіздігімді көрсетіп, күліп жүріп ішімнен жылап жүретінім туралы соңғы кездесуімізден бұрын айтыппын. Ол да дәл өзінің әңгімесіндегі "жанашыр" жігіттің кейіпіне еніп, мүсіркегендей болыпты. Сол сәттен бастап.. сенімім сергелдеңге, үмітім қорқынышқа, махаббатым ауыр жүкке айналыпты..

 

 

 Гульнар Багашаровнаның ФБ парақшасынан




Көрілген: 4909    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 13:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты
    15 Ақпан, 09:12
    Күйеу үшін күрес...
    28 Қаңтар, 23:28
    Құрбыма жаным ашиды
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31