Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім екеуміздің рольдеріміз ауысып кетті

  • Күйеуім екеуміздің рольдеріміз ауысып кетті

    Күйеуім екеуміздің рольдеріміз ауысып кетті

«Үйлену &ndash оңай, үй болу &ndash қиын» деген рас екен. Отбасылық өмірде түрлі қиындықтар, жылайтын да, мұңаятын да сәттер кездесіп тұрады. 

Сондайда қолды бір сілтеп, жұбайыңды енді көрместей болып ашуланғаныңмен ашуды сабыр­ға жеңдірсең соңы жақсылыққа ұласатыны сөзсіз.  Бұлай деуіме өз басымнан өткізген жағдай себеп болып отыр.

Біз үйленгеннен кейін көп ұзамай күйеуім ішімдікке салынып кеткен еді. Ит-ыржың күн кешіп жүріп, екі баланы өмірге әкелдім. Ол қатты ішіп кеткенде ажырас­қым келді. Бірақ төркініме барсам, шешем: «Екі баланың обалына қалма. Қанша күн ішер дейсің, бір күні қояр», &ndash деп басу айтып, үйіме қайтаратын. Тарыққан кездерімде аға-жеңгелеріме, тіпті әкеме де білдірмей ақша, азық-түлік беріп тұрды.  Өзім мен балаларымды былай  қойғанда күйеуімнің де үсті-басын бүтіндеп, киім-кешегімізді де әперіп тұрды.

Күйеуім қатты ішіп кеткенде үйге анамды шақыратынмын. Анам келсе, күйеуім бөлмесінен шықпай жатып қалатын да, ол кісі кеткенше қайтып ішпейтін. Тым құрығанда төрт-бес күн болса да құлағым тыныш болсын деп ара-тұра анамды осылайша қонақ етіп жүрдім. Оңашада күйеуімді жамандай бастасам, анам: «Күйеубала жаман емес. Ол арсыз, надан болса, менен ұялмай іше берер еді. Мен келгелі ішпей жүр. Мас кезінде менің көзіме көрінбеуге тырысады», &ndash деп күйеуімнің жақсы жақтарын айтып, мені жұбатып қояды.

Кейін күйеуімнің ақылы кірді ме, ішімдік ішуді азайтып, уақыт өте келе мүлдем қойып кетті. Бір өкініштісі, бауырына зақым келіп, жұмыс істеуге жарамсыз болып қалды. Осылайша отбасымды өзім асырауыма тура келді. Апта бойы жұмыстамын, тек жексенбіде демаламын. Ал күйеуім үйде қазан-ошақтың басында. Тамақ әзірлеп, балаларға қарайды. Қысқасы, екеуміздің рольдеріміз ауысып кетті. Таңертең маған сәттілік тілеп шығарып салады, кешкісін көңілді қарсы алады. Күйеуім үйде отырғандықтан мен де балаларыма көп алаңдай бермеймін. Екеуміздің осындай ынтымағымыздың арқасы шығар, үйімізге береке кіріп, өткен күндердегі жағымсыз жайлар да ұмытыла бастады.

Осы күні бізді ажырасудан аман сақтап қалғаны үшін анама күн сайын алғыс айтамын. Егер өзге әйелдер секілді «қызымды ешкімге қорлатпаймын» деп ажыратып алса, балаларымыз қандай күй кешер еді? Күйеуімнің күні не болар еді? Ойласам, қорқып кетемін. Сондықтан барлық келіншектерге айтарым: ажырасуға асықпаңыздар! Шаңырақ шаттығы үшін аяғына дейін күрессеңіздер, түбінде жеңесіздер.

Айтпақшы, кейде ерлі-зайыптылардың рольдері ауысып кететін кездер де болып тұрады екен. Ондайда ролі ауысқанымен әркім отбасындағы өз орнын білсе болды. Сонда шаңырақ шаттыққа толып, ерлі-зайыптылар да бақытты болмақ.

 

М. ӘЙІМБЕТ

zamana.kz






Көрілген: 1650    Пікірлер: 0

жұма, 30.10.2020, 01:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30