Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім қайтып келер деп, қайынжұртымда тұрып жатырмын

  • © matrony.ru

    © matrony.ru

Мен қатты жалғызсырап жүрмін. Аллаға шүкір6 балапандарым бар.Олар əлі кішкене болған соң ба, жүрегіңдегі ауырлық пен жараны түсінбейді. Толығырақ айтсам, жолдасым, яғни өмірлік серігім болады деп таңдаған адамым 10 жыл бірге отасып, бар қызығымызды, қайғымызды бөліскен шақтарымызды аяғымен жаншып, таптап өтіп артына қайырылмастан өзге жанға кете барды. Мен балапандарымды құшақтап қайтып келер деген үмітпен əлі қайын жұртымдамын.


Қайын апамның үйінде тұрып жатырмын. Енем үйіне кіргізбеді. "Байы жоқ əйелді қай бетіммен кіргіземін" дейді. Бірақ үлкен балам сол кісінің қолында. Кішкентайынан бағып келеді. Өз басымда баспанам жоқ. Астана қаласында көп балалы отбасы ретінде пәтер кезегінде тұрмын. 


Қайын апамның балалары жоқ. Арғы жылы бесінші баламды сол кісіге туып бергенмін, қайын жұртымның өтінішімен кенжемді қайын әпкеме бердім. Енді міне, бері тартсам өгіз өледі, ары тартсам арба сынады деумен жүрмін.


Өзім бас аспаз болып жұмыс жасаймын. Тапқан табысымды түгел үйге жұмсаймын, осы үйге тамақ тасимын. 4 баланың киім-кешегі бір өзімнің мойнымда. Бүгін жезде (қайын апамның жолдасы) мен үстіме киім де алмаймын, шаршадым деп ашуланды. Бірақ осы үйдің бар тамағы менің мойынымда, ол кісі қала ішінде таксист болып жұмыс істейді. Күндік табысы екі мың теңге, ол неменесіне жетеді?


Мен шаршадым бəрінен. Біреудің үйінде балаларыммен жалтақтап өмір сүрудің қандай қиын екенін білсеңіздер ғой. Күйеуімнің жүрген жүрісі анау, балаларға бір тиын беріп көмектеспейді, хабарласпайды да. Төркініме бара алмаймын, 4 баланы құшақтап төркініме қалай сыямын. Маған қандай ақыл айтасыздар?




Аноним




 




Көрілген: 1372    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 11:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31