Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім мені балаларыммен бірге үйден қуып шықты

  • Күйеуім мені  балаларыммен бірге үйден қуып шықты

    Күйеуім мені балаларыммен бірге үйден қуып шықты

 Сəлем, қыздар?! Көптің кеңесіне мұқтажбын. Тұрмыстағы əйелмін, 1.5 жасар қызым мен ішімде 6 айлық балам бар. Дəл қазір төркіндемін, 1 айдай болды. Төркінде жүру себебім, күйеуіммен ұрысып қалдық. Мені ұрып, ішімнен теуіп, кет деп қуды. Менің еш жазығым жоқ еді, ата-енеммен ұрысып қалған екен, соның ашуын менен алып жатыр.

Атам мені  ішіп алып боқтаса да, енем бар туысқанға өсектесе де күйеуім мен балаларым үшін шыдап жүрген едім. Енді артымнан не ата-енем, не күйеуім келмеді. Өзің кеттің ба, өзің кел деп... Енеммен бірге жұмыс істеймін, не ол бір ауыз бір нəрсе демеді, танымағандай жүре береді. Екі-үш күннен соң қызымның киімдерін алуға барсам, атам бұл саған "проходной двор" емес, кет, дүниеңді де алып кет, не болмаса өртеп жіберемін деп мені боқтап жіберді. Сосын менің ата- анам "жастардың бақытын ойлайық, бала-шағасынан обал" деп барған еді, сенің қызың үйдің берекесін алды, кете берсін, алимент те төлеймін деп отыр атам. Осы  босанғалы бері қиналдық депті, кіп-кішкентай қызымды құтсыз деп отқаны жаныма батты.

Қиналғанымыз рас, бірақ осы қызым 8 айлық кезінде жұмысқада шығып кеттім, не бір сүтін, не памперсін əпермеген, əйтпесе алғашқы немересі. Енді күйеуім сенің əке шешең неге келеді, араласпасын өмірімізге, қыздарын өлтірсем де өзім білемін деп отыр. Келсең есігім ашық, келмеймін десең жүре бер деп ақыры соңы менің əке-шешемді кінəлі қылып отыр. Кредит те əперген едім, өзің төлеп ал деп отыр. Бөлек шығып кетейік десем, мен шықпаймын дейді. Не ақыл қосасыздар, қыздар?!

Аноним 




Көрілген: 4499    Пікірлер: 2

жексенбі, 28.06.2020, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30