Күйеуім намаз оқығысы келеді, мен қарсымын

Күйеуім намаз оқығысы келеді, мен қарсымын

Құрметті «Алаш айнасы» интернет-порталының ұжымы сіздердің сайттарыңыздағы «Отбасы – ошақ қасы» айдарында көптеген отбасылық мәселелер қозғалып жүр. Бүгін мен де өзімнің сырласыма айналған осы бір айдар арқылы оқырманға басымнан өтіп жатқан мына бір жайтты жолдап отырмын. Егер көңілдеріңізден шығып жатса жарыққа шығарарсыздар.
Менің тап осы жазбамды оқыған біраз қауым мені «дінсіз, мұсылмандыққа қайшы әрекет жасаушы» деп қабылдауы да мүмкін. Бірақ біздің отбасындағы қазіргі жағдайдың тым шиеленісіп кеткені мені қатты алаңдатуда. Сондықтан осы бір жайтты қағаз бетіне түсіруді дұрыс деп ойладым.
Осыдан бір жарым жыл бұрын біз сүттей ұйыған отбасы едік. Ал қазір біздің шаңырақтың татулығы шайқалған. Бұған нақты себеп - күйеуімнің діндарлыққа бет бұрғысы келетіні. Ақиқатын айту керек, кезінде менің күйеуім де, арақ-шарапты ішті, қыз-қырқынға қырындады, той-томалақтың «гүлі» де бола білді. Тіпті ол осындай ырду-дырдудан әбден шаршаған мені «модадан қалғансың» деп те сөгетін. «Елдің әйелдері тәрізді ішетін жерде ішіп, билейтін жерде билеп, күлетін жерде күліп неге жүрмейсің» деп талай мәрте тұқыртқан кезі де болды. Ондайда балаларымды құшақтап, бір Аллаға шүкіршілік етіп үйде қала беретін едім.
Өміріміз осылай жалғаса беретін бе еді, кім білсін? Бір күні ол үйге басқа жұмысқа ауысатынын айтып келді. Сөйтіп, қаладағы белгілі бір компанияға көлік жүргізуші болып жұмысқа тұрды. Мен бұған «жалақысы да әжептәуір, ортасы да өзгерді» деп қуаныңқырап жүрдім. Сол жұмысқа кіргелі бері күйеуімнің мінезі қатты өзгере бастады. Бір жақсы жағы ол бұл жұмысқа кірген соң ішімдік атаулыны мүлдем татып алмайтын болды. Көлігіне құранның сүрелерін іліп, тіпті үйге мұсылман дініне қатысты кітаптар әкеліп оқи бастады. Бастапқыда бұған ішім жылып, бұл әрекеттерін құптап, кейде дін ислам туралы кітаптарды өзімде сатып әперіп жүрдім. Біртіндеп ол көлігіне отырған бетте құран сүрелерінің аудио таспасын қосып қоятынды шығарды. Мен бұған тіптен қуанып туған-туыстарыма «мынау бір жақсы нышан болды» деп мақтанышпен жеткіздім. Одан кейін бақилық болған ата-бабаларымызға, туған-туыстарымызға құран бағыштауды үйреніп, дұға-тілегін айтып отыратыны, тіптен көңілімді марқайтып жүрді. Осылайша жалғасып-жалғасып келіп біртіндеп ол маған мынадай ескертулер айта бастайтын болды: «мынауың мұсылмандыққа жат», «бұл Аллаһқа серік қосу», «күйеуінің ризашылығын алмаған әйел жұмаққа бармайды», «күйеуін бетінен алған әйел тозақта күйеді», «баланы ұшықтама, ол Аллаһқа серік қосу», «үйді аластама, ол серік қосу», «аруақ қолдайды деме, ол серік қосу». Міне, осы іспетті толып жатқан ескертпелерден қазірде үйімізде жиі-жиі ұрыс-керіс болады. Мен қанша жерден өзімнің пікірімді дәлелдегім келсе де, оған құлақ асып жатқан ол жоқ. Орынды-орынсыз осындай діндарлығын көрсетіп бәрімізді әбден мезі етті. Тіпті қазір той-томалаққа барудан да қалдық. Бұрындары келімді-кетімді қонақтармен есігіміз жабылмайтын. Ал қазір күйеуім өзімен-өзі оқшауланып, туған-туыстармен етене-жақын араласқысы да келмейді. Өлім-жітім, той-томалақтарға бара қалса, біреулер жақтыра ма, жақтырмай ма - білетін уағызын айтып маңындағыларды мезі етеді. Өткенде бір туысы дүниеден өтті. Сол үйге кешкісін барлық жақындары жиналып, үлкен кісілердің бірі үй иесіне мәйіт жатқан жерге шырақ жағып қою қажеттігін түсіндіріп жатты. Сол кезде күйеуім «ол - серік қосудың бір түрі. Мұндайды «ширк» дейді. Ондай ырымдарды қолданудың еш қажеті жоқ» деп шырақ жағуға қарсылық танытып, жұрттың барлығын тіксіндіріп тастады. Тіпті сол ауылдың молдасы да күйеуімді қолдап «дұрыс, бұл кісі біледі екен» деп дем бере түсті. Байқағаным, күйеуімнің ескертулері қазірде тым тереңдеп кетті. Өзінің кемшіліктерін көрмей, бірінші менің кем-кетігімді тізбелейді. Басында ішімдікті тастағанына, мұсылмандық туралы айта бастағанына қатты қуанушы едім. Дін өкілдерінің кітаптарын үйге жиып дін ислам негіздерін оқи бастағына ішім жылушы еді. Ал қазір дер кезінде тоқтау сала алмағаныма өкінемін. Қазір ол жұма намазына үзбей барады. Бір жарым ай болды «намазға жығылсам ба» деп, мешітке барып арнайы дәріс алып жүр. Бірақ мен кеше ғана оның намазға жығылуына түбегейлі қарсы екенімді ашып айттым. «Не намазды, не мені таңдайсың» деп ем, ол «субханаллаһ, субханаллаһ» деді де үйден шығып кетті. Айтыңыздаршы, мен енді не істеуім керек?! Қорқатыным, ертең ол тағы да ананы-мынаны айтып тыныштығымызды одан әрі бұзады. Қазірдің өзінде отбасымыздың берекесі кетіп қалды. 13 жасқа толмаған ұлым әкесінің уағызын тыңдағысы келмесе, оған дүрсе қоя береді. Туыстарымыз бен достарымыз да оның ретті-ретсіз ескертпелерін тыңдаудан әбден жалыққан. Менің де жүйкем сыр беріп жүр. Ол ертең намаз оқыса, одан әрі тынышымыз кететінін жақсы біліп отырмын. Рас, мен намаз оқу мұсылманның бес парызының бірі екенін жақсы білемін. Бірақ отыздан енді ғана асқан күйеуімнің дәстүрлі исламнан алыстап, басқа ағымға ойысып бара жатқанын ішім сезеді. Оны бұл тығырықтан қайтсем алып шығамын? Не істеуім керек? Құрметті оқырман, ой қосыңыздаршы?!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста