Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнен құтыла алмай жүрмін

  • Күйеуімнен құтыла алмай жүрмін

    Күйеуімнен құтыла алмай жүрмін

 Қазір мен күйеуіммен ажырасқым келеді, бірақ ол еш келісімін берер емес. Бұл жайлы ешкімге тіс жарып айта алмаймын. Өйткені балаларымның болашағына алаңдаймын. Тағы бір жағынан оларды жиркенішті әдеті бар әкесінен ажыратып алғым келеді. Бірақ оған шамам жетпей, шарасыз күйде жүрмін...


Оның «қылмысын» біліп қойып, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқаныма алтыншы жыл айналып барады. Бұл жылдар маған қаншалықты ауыр болғанын бір сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бойды бір үрей билеп алған. Оның бетіне түкіргенім бар, ол не болса, ол болсын. Ал балаларым...


Ана үшін дүниедегі ең қымбат – баласы. Анаға баласын қору инстикті табиғаттан беріледі. Сондықтан өмірінің соңына дейін ана баласын тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсіреді. Ал жау сыртта емес, іштен шықса қайтеді?.. Ең қиыны осы екен. Баласын әкесінен қорғау деген...


Мен қызғаншақ адам емеспін. Сондықтан оған күдіктеніп қарап, қызғанып, тергеп-тексерген емеспін. Бірақ бір шаңырақ астындағы адамдардың мінез-құлқы бес саусақтай белгілі ғой, оларда қандай да бір өзгеріс барын бірден сезіп, біле қоясын. Мен де оның теріс жүрісі барын сезетінмін. Бірақ оған кешіріммен қарап, білмегенси салатынмын. Расында, оның сыртқы жүрісі де көп уақытқа созылмайтын.


Бірақ соңғысы тым ұзарып кетті. Мен көз жұмған сайын ол тым еркінси бастады. Алайда мен өз-өзіме бек сенімді едім. Еркінсіп кетсе, онда үстерінен түсіп, шаңдарын бір қағып, оның есін жинатып алам, балалар барда ол қайда кетеді деп ойлайтынмын. Міне, сол ойды жүзеге асыратын күн туып қалған секілді. Телефондағы хабарламасын ашсам Еркін деген біреумен ашықтан-ашық «махаббат» хаттарын жазысыпты. «Өзіме обал жоқ» деп ойладым іштен. Ал Еркін дегенге таң қалмадым. Өйткені ол қандай да бір Еркегүл немесе Еркежан шығар, әдетте еркектер әйелі күдіктенбес үшін осылай қулық жасайтыны бар ғой.


Содан олардың үстінен қалай түссем болады деген оймен жоспар құра бастадым. Еркегүлмен сөйлессем, онда бәрін бүлдірем. Маған екеуін бірдей «қылмыстары» үстінен ұстаған дұрысырақ көрінді. Әлгі телефондағы хаттардан түсінгенім, олар қызмет кеңсесі маңындағы қонақүйде кездеседі екен. Бірақ қай уақытта, қашан? Ол жағы беймәлім. Мен оларды үнемді аңди алмаймын ғой. Содан маған үлкен идея келді.


Бірінші оның жұмыс жағына барып, жақын маңдағы қонақүйді барлап қайттым. Атауы – «Әлия» екен. Содан өзіме ыңғайлы уақытты таңдадым да жасырын нөмірмен екеуіне бір-біріне хат жазғандай етіп хат жолдадым. «Әлияда түскі үште кездесейік, өте шұғыл, сені күтем» деп жаздым. Әрине, олар бір-біріне қоңырау шалса, мұның жалған хабарлама екенін анықтай алатын еді. Бірақ олар өйтпеді. Белгілі уақытта күйеуім қонақүйге енді. Алайда сырттан қандай да бір қыздарды байқамадым. Кішкене уақыт өткенін күттім. Мұндайда уақыт та жылжымай қояды ғой. Бес минут әрең шыдадым.


Астында қабылдауда бір еркек тұр екен. Қасына жақындап, мені осында бір ер адам күтем дегенің, оның бес минут бұрын кеп қойғанын, бірақ айтқан нөмірін ұмытып қалғанымды, ал телефонымның қуаты бітіп қалғанын жеткіздім. Сөйтіп ол екі бөлменің нөмірін атады. Өйткені бес минут бұрын екі бөлмеге тапсырыс тіркепті. Осылайша баспалдақпен жоғары көтерілдім. Ол кезде қатты қуанып әрі бір жағынан қобалжып тұрдым. Қуанған себебім барлығы менің жоспарымдағыдай жүзеге асып жатты. Ал ары қарай барлығының күл-талқаны шықты...


Бірінші 10-нөмірді таңдап алдым, мұнда ол болмаса кешірім сұраймын да келесісіне кірем деп ойладым. Есікті қаққалы тұрдым да өзімнің аяқ-асты кіріп баруым керектігі есіме түсті. Сол оймен есікті итеріп едім, ашық боп шықты. Бұған да қуанып қалдым. Ар жақтан біртүрлі дауыстар шығады. Жүрегім шым ете қалды. «Енді не естіп, көрейін деп келіп едің, барлығына дайын бол» деп іштен өз-өзімді қайрап, жігер беруге тырыстым. Бірақ әлгі дауыстар жиілеген сайын менің қатқан орнымнан қозғалуым қиынға түсті. Басым айналып, денемді тер басып, әлсіреп барамын. Бұлай тұра берсем мына арада кескен теректей сұлап, есімнен таңып қалар түрім бар. Осы ой мені орнымнан жұлқып олар жаққа қарай бар күшімен «лақтырып» жіберді.


Өз көзіме өзім сенбей аңырып тұрып қалыппын. Тыр жалаңаш екі еркек бір-біріне мінгесіп алған. Біреуі – біздің үйдегі. Ары қарайғысы еміс-еміс есімде. Жоо... Жоқ. Мен өзім ойлағандай ол арада сұлап жатқам жоқ. Жынды адам секілді сыртқа атып шығып, бет алған жаққа қарай жүре беріппін. Қай көшемен, қанша жүргенім есімде жоқ. Әйтеуір көп жүрген секілдімін...


Сол сәтте, сол мезетте оны бірден жек көріп кеттім. Кейбіреуі кінәні өзінен іздеп, арадағы сезімді баса алмай әуре болушы еді. Менде ондай да болған жоқ. Мүмкін оны шындап сүймеген де болармын. Бұл қазір маған маңызды емес. Басыма ең бірінші келген ой – балаларым. Балаларым әкесінің қандай екенін білсе ауыр психологиялық соққыға ұрынады ғой. Оған жол бермеу керек. Бірақ онымен қалай да ажырасуым қажет. Сонда балаларым бұл құпияны ешқашан білмейтін болады.


«Гей», «голубой» десе мен үнемі шетелдің азаматтарын көз алдыма елестетуші едім. Ал, мә саған: екеуі де қазақ әрі біреуі өзімнің Құдай қосқаным. Құдай оған қосқанша неге атып тастамады деп қорланып, зарландым. Бірден дәрігерге қаралу керектігі туралы ой да санамды шырмай бастады. Иә, жаман аурудың барлығын солар тасымалдайды деп жатады ғой. Осы ойдан соң қалай ұйықтайын. Дұрыс ұйқы көрмегелі алты жыл боп кетіпті. Қан сараптамасы жаман ауруды анықтамады. Жүрегімдегі ауыр жүк біраз жеңілдегендей болды.


Ал ол түк болмағандай үйге диванға теңкиіп келіп жатты. «Тамақ бар ма» деп сұрап қояды. Мен үнсізбін, әрең шыдап жүрмін. Өйткені балалар білмеуі керек. Балаларды таңертең мектепке шығарып салғанша асықтым. Ол да жұмысына асықпады. Әңгіме барын біліп тұр.


Сөйтсем оның ойынша, бұл қалыпты жағдай екен. Тарихтағы бір ұлы тұлғаларды айтады, «нормально» деп қояды. Не деген жиіркенішті еді? Жүрегім қысылып, бар айтар сөзім тамағыма кеп кептеліп, мүлде сөйлей алмай қалдым. Ал ол айтып жатыр, айтып жатыр. «К...ді қыс та балаларға білдірмей жүре береміз, енді бұлай жасамаймын, жаным кешірші» деп құшақтамашы болды.


Алты жыл өтті. Оны иттің етінен жек көрем. Балаларым біліп қоймас үшін нағыз проблема айтылмайды. Бірақ ажырасу туралы әңгіме жиі көтеріледі. Ол үшін балаларым да мені жек көре бастады. Өйткені олар «неге» дегенде мен «әкелеріңді сүймеймін» дей салам. Ал ол ажыраспаймыз дейді. Былтыр ажырасуға арыз өткізіп қойдым. Бірақ ол рұқсатын бермеді. Заң бойынша арыз түскеннен кейін үш жылдан соң автоматты түрде ажырасуға рұқсат беріледі екен. Сол уақытты күтіп жүрмін.


Маған қазір қатты қиын. Алайда балаларымсыз мен қалай өмір сүремін. Біреуі 10, біреуі 11-сыныпта оқиды. Екі ұлым да әкесін жақтайды. Тіпті, «өзің кетсең кете бер, біз папамызбен қаламыз» деп те айтты. Мен не істеуім керек? Бұл қорлықпен қалай өмір сүрем. Ал ажырасқан күні балаларсыз менің күнім күн болмайды ғой. Бір ақыл айтсаңыздар деймін


 


Жанна, Алматы қаласы

 




Көрілген: 4254    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 12:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31