Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнің жылуы жоқ...

  • Күйеуімнің жылуы жоқ...

    Күйеуімнің жылуы жоқ...

Жұрттың бәрi жазып жатыр ғой, мен де бір жазайыншы. 


Күйеуiм жайлы жазып, жамандағаным емес, бірақ бір мәселе жаныма батып жүр. Ол жақсы байсалды, көп сөзi жоқ, бірақ ашық емес па бiлмеймін әйтеуір біртүрлі, Онымен iшiм пысып кетедi. Шыны керек үйленгенiмiзге бес жыл да болған жоқ. Бірақ ашылып сөйлеспеймiз, сырласу деген мүлдем жоқ.

Осы жұрттар байларымен бүгін не iстегенiн айтып, төсекте әңгімелескендерін айтып, екеуара қызықтарын айтып, телефонмен сөйлескенiн естiсем әуесiм келеді. Бiздiкi түнде де терiс қарап жатып алады, күндіз тіпті адаммен шаруасы жоқ, бip жылулығы жоқ адамға. Кейде жас балаға ұқсап тырысып сөйлемей қояды. Әлден мынандай, ертең жасы 30-40-қа келгенде бiлмеймін, не боларын. Жарқырап, жайнап, айналасын баурап жүрген еркектерді көрсем қызығамын. Менікі ондай белсенді еркектердiң қатарына жатпайды. Мен сөйлеп көңiлiмдi тауып, айтқанын icтететiн бip басқаша еркектер болады ғой сондай болса деп едім, ал бiздiкi кipпi шешен сияқты тиiп кетсең жиырылып қалады. Аса бip проблема емес шығар менiкi, бірақ әйел болған соң күйеуiңнен жылулық iздейдi екенсiң. Жаңадан үйленгенiмiзде де сондай еді, терiс қарап жатып, өзiм жалынып барғанша сөйлемейтiн. Мен барғанда да ары жатшы деп итеріп тастайтын. Кейін ашылар, үйреніп кетерміз деп ойлағанмын. Сiздердікі де сондай ма?

Қазip суып кеткем. Онымен өте қызық емес. Бipақ тiлеуiн тiлеп, барынша күлiп, тамағын дайындап, барына жоғына, аштығына тоқтығына көнiп, адал болып жүрмiн. Не болса да балаларымның әкесi ғой. Бipақ еркегiң осындай болса әйел еркек сияқты болып оны басынып сыйлағың да келмей тұрады екен. Өзгеруі де мүмкін емес секілді.

Ажар, Алматы қаласы

 



Көрілген: 6802    Пікірлер: 0

сенбі, 16.11.2019, 15:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Желтоқсан, 12:24
    Тоқал алу сән болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31