Отбасы - ошақ қасы

"Мен одан кетіп қалуға қорықтым": Өскеменде бес баласы бар әйелді азаматтық некедегі күйеуі соққыға жыққан

  • "Мен одан кетіп қалуға қорықтым": Өскеменде бес баласы бар әйелді азаматтық некедегі күйеуі соққыға жыққан

Өскеменде бес баласы бар әйелді азаматтық некедегі күйеуі үнемі ұрып-соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, Маргаританың одан бес баласы бар.

 
Әйелдің айтуынша, соңғы кездері күйеуі үйге жиі арақ ішіп келіп, өзіне ғана емес, балаларына да қол көтере бастаған.

"Үйде ештеңеге көмектеспейді. Мен одан кетіп қалуға қорықтым, өйткені өзім балалар үйінен шыққанмын – көмек күтетін басқа ешкім жоқ, сонымен қатар неше жыл бойы жұмыс істемей үйде балалармен отырдым", - дейді Маргарита.

Бірақ 23 қарашада соққыға шыдамаған ол балаларды алып, түнде үйден қашып кеткен.

Қала сыртында орналасқан құрбысының шаруа қожалығына бет алған, алайда ол жерде ұзақ уақыт бола алмайтынын білген. Осылайша Маргарита Өскемен қаласының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша полиция қызметкерлерінен көмек сұрап, өз тарихын айтып берді.

Мұнда оған психологиялық көмек көрсетіліп, кәмелетке толмаған балалармен бірге уақытша тұратын орын ұсынылды.

"Әрине, бұл отбасы полиция қызметкерлерінің бақылауында болады, болашақта оларға көмек пен қолдау көрсетіледі", - деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.




Көрілген: 1426    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 13:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қаңтар, 01:49
    Қашып кеткім келеді
    12 Қаңтар, 10:33
    Нәпсіге ерік беріп...
    27 Желтоқсан 2021
    Пышақ кезенген перзент...
    21 Желтоқсан 2021
    Бұл махаббат па...
    20 Желтоқсан 2021
    Досымның әйелімен...
    15 Желтоқсан 2021
    Сүйем деді, күйем деді
    13 Желтоқсан 2021
    Жоғалып табылған қыз
    12 Желтоқсан 2021
    Қорлығына шыдай алмадым
    16 Қараша 2021
    Әйелімді қимаймын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31