Отбасы - ошақ қасы

Некесіз төсектен соң өмірден түңілдім

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар!! Менің басымдағы жағдайға бей-жай қарамассыздар деп ойлаймын. Айтайын деген мәселем өзімнің қателігімнің жас өмірімді қор қылғаным.

 

Жасым 23-те, жігітіммен жүргеніме 5 жылдан асты. Бес жыл бойы тек қыз бен жігіт ретінде кездесіп, ардан аттамаған едік. Өзім ылғи да "некесіз жігітіммен жақындасып қойдым" деген қыздарға жыным келетін. Мен мұндай әрекетке ешқашан бармаймын деп ойлаушы ем. Бірақ мұның бәрі бекер екен. Мен де бір сәттік ләззатқа беріліп, жігітіммен некесіз жақындасып қойдым. Енді міне, мен де өзімнің қателігімнен сорлап отырмын.

 

Жақыннан бері "тірі өлікке" айналдым. Сол күні өлуге қадам басқан едім, бірақ жан тәтті екен, қолым бармады. Әлі есімді жия алар емеспін.

 

5 жыл бойы сеніп жүрген адамным арамызда төсек қатынасы болғаннан кейін-ақ менен айнып қалды.
"Мен сені бақытты ете алмаймын, саған лайық емеспін" деген секілді сөздер айтады. Осы сөзді 5 жыл бойы неге айтпады, сондағы ойы пайдалану ма...

 

Махаббат көр соқыр қылады екен. Кінә менен де бар. Өзіме сауап өзіңе сол керек деп, өзімді жеп біттім. Өзім түскен ордан, шыға алар емеспін (жылап әрең жазып отырмын).


Мені сөксеңіздер де, балағаттасаңыздар да сіздердікі дұрыс. Тек менің қателігімді қыздар, қайталамасаңыздар екен.

 

Өзім көңілді жүретін, жұмысым бар, сүйкімді қыз едім... Өмір бір-ақ сәтте өзгертіп жіберді. "Қыздың жолы- жіңішке" деген осы екен...

 

Кейде жігітімді қайтарып алу үшін сұрқия ойлар келеді "аяғым ауыр деп өтірік айтайын ба деген" сияқты. Бірақ, олай өтірікпен өмір бастағым келмейді...

 

Не ойларымды білмейм, сіздердің ойларыңызды білгім келді. Рахмет!

 

Аноним  

alashainasy.kz/




Көрілген: 2285    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.07.2020, 13:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30