Ол балалы болғанымызды қаламайды...

Ол балалы болғанымызды қаламайды...

Тұрмысқа шыққаныма 3,5 жыл болды. Күйеуім кішкентай балаларды (бөтен) өте жақсы көреді, олармен жас балаша жанын салып ойнап кетеді. Бірақ өз баласы болғанын қаламайды. Осы күнге дейін сақтанады.

 

Өзі жауапкершілігі мол адам, бірақ балаға деген үлкен жауапкершіліктен қорқады. Əлі дайын емеспін, үйіміз болсын өз атымызда, оған жақсы тəрбие беру керек, бала болса сені менен тартып алады, маған көңіл бөлмей кетесің деген сияқты сөздер айтады.

 

Өмірімізде болып жатқан жаңалықтарды (адам ұрлау, өлтіру т.б) көріп, баламның бұндай қоғамда өмір сүргенін қаламаймын дейді.

 

Өзі иманды, тəрбиелі, саналы, ақылды адам. Ішпейді, шекпейді, бөтен ешқайда қыдырмайды.

 

Оны қатты жақсы көремін. Онсыз өмірімді елестеткім келмейді. Баласыз өмір сүрсем де, онсыз өмір сүре алмайтын сияқтымын. Сол үшін шыдап келемін.

 

Сіздер не ойлайсыздар білгім келеді əрбір əйел затының ойын, ақыл-кеңесін...

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста