Өзгеге қалай қиям...

Өзгеге қалай қиям...

Мен бүгін өзімді жегідей жеп жүрген сырымды сіздермен бөліссем деймін. Көңіліме тиетін артық әңгіменің қажеті жоқ, кеңестеріңізді айтсаңыздар.

 

Жаcым 25-те. Тұрмыстамын, екi қызым бар, құдайға шукip. Ушiншi сәбиіме аяғым ауыр. Мендегi мәселе кайын әпкем. Ол кісінің екi ұлы бар, қатерлі ісікпен ауырған, енді ол кісіге бала көтеруге болмайды. Қайын әпкем тұнғыш қызымның кiндiк шеше, сол кызыма таласып жаздырып беріңдер деп жүретін, сол үшін куйеуiм екеумiз ұрсысып, әрең қойған.

Екiншiмдi босанған соң тағы сұрады, бірақ бермедiк. Куйеуiм де балажан (екiншiм он ай). Ішімдегі балапаныма 3 ай болды. Осы баланы көтергенімде куйеуiм екеумiзден басқа ешкiм қуана коймады. Себебi екiншiмді қатты қиналып әрең босанғам.

 

Енем де Алматыға бара сала емделiп, сақтанып жүр, кейін туасың деген еді. Сол үшiн де бiр шетi енем де, қайын әпкем де менің баланы дүниеге әкелгеніме оң қабақ таныта қоймаған соң алдыртам деп те ойладым. "Тусаң ту, бірақ мен қараса алмаймын" деді енем.

 

Екінші қызым әлі кішкентай, оның үстіне жүйке-жүйем әбден тозып жүр. Қызым мазасыз, өзім де жиі ауырып қала беремін, енді баланы қалай қараймын деп уайымдап жүрмін, күйеуім де мен үшін, менің денсаулығым үшін қатты алаңдайды.

 

Қайын әпкем куйеуiме "қыз болса, мен алайын, өз атыма жаздырып" дептi. Ақылдасып көріңдер, алдырмаңдар, ұл болса, таласпаймын" дептi. Куйеуiм мәз, алдырғанша осы дұрыс шығар деп, мен де алдырғанға қоркып жүр едiм. Келiстiк, бiрақ жүрегiм ауырып жүр. Қалай қиям өзгеге? Көз алдымда жаман болатын болдым. Басым қатты. Ұл болсын, қыз болсын бергiм келмейдi. Береміз деп айтып қойған соң қайын әпкемнен де ұят, ауырып қалса тағы қиын ғой ол кісі.

 

Өз мамам да берем деп шештiң бе, бер, ертеңгi күнi ата-енеңе, қайын жұртқа жек корiнiштi боласың дейді. Не iстеймiн, әбден басым қатты. Күйеуiм анық айтпайды, оған да оңай емес бiр шетінен әпкесi, бiр шетінен мен. Берсек берейік дейді, маған қарап. Ұл болады деп қояды, артынан кiм болса да аман болсын деп қояды. Баланың жынысы әлі белгісіз, Кыз болса қалай берем, қалай қиямын? Сауабын аласың, қуанып сендерге риза болып журедi кейiн кайнәпкеңде деп кояды өз әпкем.

 

Бiлмеймін, құдай өзi кешiрсiн, бiрақ кейде ойлаймын ешкімге айтпай алдыра салуым керек па едi деп, осылай уайымға салынбай. Сол қайынәпкем екінші кызымды қарап отыр, қазір маған ауыр көтеруге болмайды. Бiр шетi сабағымда сессия басталған. Үлкенiм енемде, өйткені менің бірінші қызым тұңғыш немересi ұлдан.

 

Сонымен сіздерден ақыл-кеңес күтем.

 

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста